Қауіпсіздік – басты назарда

Рудныйда ERG мердігер ұйымдарының I Форумы өтті
DSC_5820«Горняк» мәдениет сарайында ұйымдастырылған ауқымды шараға Топ кәсіпорындарымен жұмыс істейтін жүзден аса мердігер компаниялардың өкілдері қатысты. «Жұмыс орындарындағы қауіпсіздік – команданың әр мүшесіне жүктелетін жауапкершілік» деген ұранды басшылыққа алған форумда қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы корпоративтік талаптар мен ережелер туралы егжей-тегжейлі айтылды.
– Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау мәселелеріне мұнша ерекше назар аударылғаны тегіннен-тегін емес. Өйткені қауіпсіздік пен еңбекті қорғау ережелерін елемеудің салдарынан көбінесе осы мердігер ұйым қызметкерлері жиі қатерге бастарын тігеді. Бұл бағытта біз оларға тиісті көмек көрсетуге әзірміз. Мәселен, ірі жобалар бойынша жеке шаралар жоспарын құру, ұқсас жұмыстарды атқарып жатқан мердігерлер арасындағы барлық мәселелерді шешу үшін Топ өкілдерімен бірлескен жұмысты ұйымдастыруға күш саламыз. Мердігер компаниялар әлемдік қауымдастық басымдық етіп таныған қоршаған ортаны қорғау талаптарын орындамайтын болса немесе еңбекті қорғау, өнеркәсіп қауіпсіздігі, өрт және өзге де техникалық қауіпсіздік талаптарын жиі бұзатын болса, Топ кәсіпорындары мұндай мердігерлермен жасалған келісім-шарттарды тоқтатып немесе бұзуға толық құқылы, – дейді Еуразиялық Топ басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Роман Денискин.DSC_5878
Форумға қатысушыларға арнайы әзірленген «Еуразиялық Топтың мердігер ұйымдары нені білуі керек?» атты кітапшалар мен биіктікте жұмыс атқару барысында сақталуы тиіс еңбекті қорғау мен қауіпсіздік ережелері туралы жадынамалар табыс етілді.DSC_5853
Жаңа диалог алаңын құру бастамасын мердігер ұйымдардың өкілдері де қуана қабылданды. Ұйымдастырушылар өндірісті қауіпсіз етуге бағытталған бастамалардың бас-аяғы осымен шектелмейтіндігін айтады. Еуразиялық Топ озық әлемдік тәжірибелерге сай келетін жобаларды жүзеге асырып, қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың жаңа техникалық стандарттарын енгізе бермек.
 
Қуаныш СЕЙДОЛЛАҰЛЫ,
Рудный қаласы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓