6-қабаттан құлап кетті
Оқыс оқиға 2 маусымда Қостанайда болды. 13 жастағы жеткіншек 6-қабаттан құлап кеткен. Бұл туралы alau.kz жазады.
Бала ауыр жарақатпен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.
Бала ауыр жарақатпен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.
"Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Күрделі ота жасалды. Жағдайы бір қалыпты, ауыр", – деп хабарлаған Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде. Әзірге белгілісі, жеткіншек төтенше жағдайға туған күнінде душар болған.
























