Қала әкімі Бокс федерациясын басқарады
Бүгін Гашек көшесіндегі картинг-орталық базасында Қостанай облыстық Бокс федерациясының отырысы өтті. Шараға облыс әкімі А.Б. Мұхамбетов, федерацияның атқарушы комитетінің және жаттықтырушы-оқытушылық құрамы қатысты. Мұнда Федерация президенті лауазымына Қостанай қаласы әкімі Қ.Ж. Ахметов ұсынылып, оның үміткерлігі бірауыздан қолдау тапты.
Картинг-орталық базасында осы жылы Бокс орталығын құру жоспарланып отыр. Мұнда өңірдегі жасөспірімдер де, осы спортпен шұғылданып жүрген былғары қолғап иелері де жаттығып, жарыстарға қатыстырылады.
Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметі