Волейболдан турнир
Меңдіқара ауданындағы Қарақоға ауылында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай волейболдан аймақтық турнир өтті. Мақсат – жастардың бойында париоттық сезімді ояту, саламатты өмір салтын насихаттау. Шараға ауыл әкімі, ақсақалдар, жастар мен жергілікті тұрғындар қатысты. Турнирдің ашылу салтанатында ауыл әкімі сөз сөйлеп, мерекемен құттықтады.


Ойын қорытындысы бойынша бірінші орын «Қаратал» жастар командасы, екінші орын «Көктерек ауылы» командасы, үшінші орын «Шекара» командасы иеленсе, төртінші орын «Мектеп» командасына бұйырды. Барлық жеңімпаз командаларға ақшалай сыйлық табыс етілді.
Айта кету керек, шараның өтуіне жергілікті шаруа қожалықтары мұрындық болды.
Меңдіқара ауданы,
Қарақоға ауылы.