Нұр-Сұлтанда жоғалып, Ұзынкөлде табылған

1 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласының 9 жастағы тұрғыны Қостанай облысының Ұзынкөл ауданынан табылды. мент«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде Ұзынкөл аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Асылбек Молдағалиев Речной ауылында қасында жеткіншек ерткен бөгде әйелді байқаған.
«Әйел тәртіп сақшысының сұрақтарына жауап бере алмай, мүдіріп, өзін басқа есіммен таныстырған. Нұр-Сұлтан қаласынан келгенін, құжаттарының жоғын айтыпты. Сондай-ақ, баланың жеке құжаттары да болмай шықты», – деп хабарлады полиция қызметкерлері.
А.Молдағалиев әйел мен баланы бірден ақпараттық жүйелер базасы арқылы тексерген. Белгілі болғандай, 9 жасар бала Нұр-Сұлтан қаласында жоғалып кеткен. Жеткіншектің анасының ата-ана құқығынан айырылғаны және баласын заңсыз алып кеткені анықталды. Полиция қызметкерлері баланы әкесіне тапсырды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓