ИНТЕРНЕТТІ ИГЕРІП…

Қостанай облысының тұрғындары интернет саудасына 4 млрд теңгеден астам қаржы жұмсаған. Бұл жайында облыс әкімінің қатысуымен өткен селектор жиынында мәлім болды. Тұрғындар негізінен киім, үйге арналған тауарлар, іс-шараларға билеттер мен азық-түлік алады екен. Облыста жұртшылыққа қызмет көрсететін 131 электрондық бизнес субъектісі тіркелген (оның 23 интернет-дүкен). 2019 жылы олардың санын 151-ге дейін арттыру жоспарланып отыр.интернет
Интернет арқылы алынатын тауарлардың тасымалымен елімізде "Қазпошта" АҚ айналысатыны белгілі. Жиын барысында мекеме басшысы Елена Төребекованың интернет сауда, тауар жеткізу төңірегіндегі есебі тыңдалды. Оның айтуынша, 2022 жылға дейін облыста Е-сommerce орталықтары ашылуы тиіс. Айтулы жоба кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетуге бағытталған. Ал 2025 жылға таман фулфилмент-орталық салынады, ол кәсіпкерлерге тауарларды клиентке дейін жеткізуді жеделдетуге және қоймаларды жалға беруді жеңілдетуге бағытталған. Мұндай орталықтар Алматыда, Нұр-сұлтан мен Ақтөбеде бар. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов осы бағыттағы жұмысты жеделдетуді тапсырды.
– Орталық іске қосылған жағдайда, жаңа жұмыс орындары ашылуы тиіс. Мүдделі болғандықтан, біз сіздердің бастамаларыңызға көмектесуге дайынбыз. Қажет болса жер береміз, инженерлік желілерді өткізіп береміз, – деп атап өтті Архимед Мұхамбетов. – Электронды сауданы дамыту арқылы көлеңкелі кәсіптен құтылуға жол ашылады. Мемлекет осыған ынталы, – деп сөзін  түйіндеді аймақ басшысы.
 
Жұматай КӘКІМЖАНОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓