Күн суытады
«Қазгидромет» РМК Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
18 қыркүйекте таңертең және күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғып, оның екпіні 15-20, кей жерлерде 23 м/с-ке дейін жетеді. 18 қыркүйекте Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан жел соғып, оның күші 15-20 м/с болуы ықтимал 18 қыркүйек күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады. Түнде және таңертең кей жерлерге тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, оның екпіні 15-20, кей жерлерде 23 м/с-ке дейін жетеді. Сол күні Петропавл қаласында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғып, оның екпіні 15-20 м/с болуы ықтимал. Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%.