Мінсіз мылтық миллион тұрады

«ССКӨБ» АҚ Рудныйдағы спорттық оқ атуды жаңғыртпақ. Өткен жылы кәсіпорын Қостанай облысы әкімдігі мен Еуразиялық Топ арасындағы меморандумға сәйкес мергендер клубына лақтырғыш машинасын сатып әперді. Сондай-ақ, олардың дайындалатын жалғыз орнын – №14 мектебіне күрделі жөндеу жүргізіліп, заманауи үлгіде жабдықталды. Енді, міне, көптен күткен бесатар мылтыққа да жол жетіп отыр.IMG_4527 - копия
– Немістің Feinwerkbau 800 маркалы қаруы 1 млн теңге тұрады. Оның жоғары сапасы мен мінсіз дәлдігі, әсіресе, Олимпиада спортшыларының арасында ерекше бағаланады. Қостанай аймағында осындай мылтық бізде ғана бар. Енді спорттағы жетістіктерімізді еселей түсу ғана қалды, – дейді облыстық Спорттық ату федерациясының директоры Леонид Буторин.
Жаттықтырушы спорттың осы түріне үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан кен алыбының басшылығына зор алғысын айтады.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓