Қостанай қаласында үстіміздегі жылы КСК шағын ауданында екі жүз сексен орындық балабақшаның құрылысы басталады.
Білім ордасы бұрынғы балабақша ғимаратының орнына тұрғызылмақ. Мамандардың айтуынша, балабақша көп жылдардан бері бос тұрғандықтан апатты жағдайда, қалпына келтіруге келмейді. Жаңа балабақшаның құрылысына алты жүз сексен млн. теңге көлемінде қаржы бөлінді.