Бас мүфти басылымды құттықтады

Қасиетті Рамазан айында «Қостанай таңы» газетінің ұжымын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы – Бас мүфти Серікбай қажы Ораз құттықтап, жеделхат жолдапты. Мүфти Хазіреттің сәлемін Қостанай қалалық Жайлаубай ата мешітінің бас имамы Шоқан қажы Әмірханов редакциямызға арнайы әкеліп табыстады.муфти
Құттықтау хаттың мәтіні төмендегідей:
«Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Қадірлі Жанұзақ Аязбекұлы!
Сізді және Сіз басқарып отырған ұжымыңызды он екі айдың сұлтаны – қасиетті Рамазан айымен шын жүректен құттықтаймын!
Шаңырағыңызға шаттық пен бақыт, бірлік пен береке тілеймін!
Қасиетті айда жасайтын жақсы амалдарыңыз, құлшылық, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!
Алға қойған арман-мақсаттарыңыз орындалып, оразадан оразаға аман-есен жете беруіңізді Алла нәсіп етсін! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, жұмысыңызға береке тілеймін!
Игі ниетпен, Төраға, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз».Құттықтау 1
Құттықтау 2

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓