«Өсім порталы: ERG жас мамандары»
Рудныйда осындай атаумен үш күнге созылған атты ауқымды шара өз мәресіне жетті. Оған «ССКӨБ» АҚ, «Қазақстан алюминийі» АҚ Краснооктябрь боксит кен басқармасы мен 3-Энергиялық орталық компанияларының 170-тен астам қызметкері қатысып, білікті тренерлердің көмегімен дизайн ойлау қабілеттерін ашты.
Алдымен жастар 16 командаға бөлініп, күнделікті жұмыста кездесетін 8 мәселені айқындады. Олар: тапсырыс берген жабдықтардың кешігіп келуі, жұмысқа барып-келуге кететін уақыттың ұзақтығы, мансаптағы өсімнің қиындығы, жеке қорғаныс құралдарының ыңғайсыздығы және тағы басқалары. Кейін өздері белгілеген осы мәселелер бойынша шешімдерді іздестіріп, жобаларын қорғады. «Өсім порталының» қорытындысы бойынша ең үздік 4 жоба ERG Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевичке ұсынылып, нақты қолдауын тапты.
– Мен бүгінгі кездесуден зор әсер алдым. Сіздер сияқты жас мамандармен табыстарға жететімізге сенімдімін. Белсенді, бастамашыл болыңдар. Тек сіздердің көмектеріңізбен ERG әлемдегі ең тиімді, әрі табысты компаниялардың біріне айналады,– деді ол.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ