Кітаппен достастырған сәнді слет
Қаламызда Жастар жылына байланысты Н.Островский атындағы қалалық кітапхана Қостанай темір жолымен бірлесіп, жастар слетін өткізді. Мақсат – жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, кітаппен дос болуға үндеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.


Кітапхана қызметкерлері арнайы көрме әзірлеген. Сол жерден кез келген адам өзі ұнатқан кітабын алып кете алады. Бұл да халықтың кітапқа деген қызығушылығын ояту үшін жасалған амал екенін айтады мамандар. 
Слет барысында қызықты концерттік бағдарлама қойылып, өңірдің жас жұлдыздары, олардың қатарында көптеген әлемдік байқау жеңімпазы, ұлтаралық "Франкофон көктемі-2019" конкурсының лауреаты Гаухар Рүстемқызы ән шырқады. Сондай-ақ, "Жұлдыз" балалар домбыра студиясының жас өнерпаздары "Адай", "Балбырауын" сынды күйлерді күмбірлетті.



Әсел ҚИБАШ
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев.