Жұмыссыз жастарға кеңес берді
«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ ҚОФ қостанайлық жастарға мемлекеттік бағдарламаларды түсіндірді. Бұл жолы «Кеңес Орталығы» қаладағы «Март» сауда-көңіл көтеру орталығында орналасты. Себебі, аталған кешенге халық көп жиналады.Іс-шараға қалалық жұмыспен қамту бөлімінің және жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Сала мамандары жастардың білім алуы, жұмысқа орналасуы туралы тәптіштеп түсіндіріп берді. Осы мақсатта жүзеге асып жатқан «Жастар тәжірибесі», Дипломмен-ауылға!», «Бизнестің жол картасы-2020», «Сәтті қадам» сияқты мемлекеттік бағдарламалар туралы да айтылды.
Қымбат Досжанова
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.