ЖКО: “Нива” “Опельді” соқты

Қостанайда "Нива" мінген жүргізуші қиылыста "Опель" көлігін соқты. Залал шеккен көліктің ішінде балалы әйел болған.нива
Оқыс жайт сағат 12.00-де Амангелді-Қозыбаев көшелері қиылысында болған. Күтпегеннен келеңсіздікке ұшыраған "Опель" көлігінің иесі басты жолда келе жатқанын, "Ниваның" көріп тұрып, қасақана тоқтамағанын айтады.
"Уромед" медициналық орталығынан шыққан бетіміз еді. Қозыбаев көшесімен келе жатқан "Нива" көлігінің шопыры, тәртіп бойынша, маған жол беруі тиіс. Бірақ ол өтіп үлгерем деп ойлаған болса керек, – дейді жапа шеккен жүргізуші. – Көлігімнің ішінде әйелім мен балам бар еді. Олар ауруханаға жөнелтілді. Қазір, шүкір, хал-жағдайлары жақсы".WhatsApp Image 2019-05-24 at 17.17.54
Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, "Нива" көлігінің жүргізуші рөлге ие бола алмай қалыпты-мыс. Оқиға айыпкеріне әкімшілік хаттама толтырылды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓