9 оқушыға көмек көрсетілді
А.Қоңқабаев атындағы орта мектебi мектеп оқушыларының толық мектепке баруын қамтамасыз етуге арналған ҚР БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификациялаудың 20 жылдығына орай облыстық білім басқармасының тапсырмасы негізінде үстіміздегі жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйегі аралығында оқушыларды жаппай мектепке тарту және аз қамтылған, жартылай жетiм, көп балалы жанұяларға қамқорлық жасау мақсатында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы «Балаларға мейірім сыйла!» ұранымен өткiзiлді.

Бір айға жалғасқан айлық аралығында жағдайы аз қамтылған, жартылай жетiм және көп балалы жанұяларға әлеуметтік көмек көрсетілді. Онда мектеп мұғалiмдер ұжымы, мектеп директоры, ауыл әкімі, аудандық жол қатынастар бөлімі, аудандық мешіт ұжымы, ауыл кәсіпкерлері: Амантай Ембергенов, Амандық Ермағанов, Ерлан Бөрібаевтар тоғыз оқушыға қаржылай көмек көрсетіп, оқу құралдарымен мектеп киімдерін алып берді.
А.Қоңқабаев атындағы орта мектеп бойынша «Мектепке жол» акциясы аясында тоғыз оқушыға көмек көрсетілді. Жалпы республикалық шараға бір кісідей атсалысқан аудан және ауыл азаматтарына алғысымыз шексіз.
Мейрамғали Аңсағанұлы,
А.Қоңқабаев атындағы орта мектептің мұғалімі.
Жанкелдин ауданы.