Ауыл кеші көңілді

Таран ауданы жастар бастамалары орталығының ұйымдастыруымен Белинский ауылында жастардың демалысын пайдалы өткізуге бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді.
DSC_1066Орталық мүшелері ауылдарды аралап, жастармен түрлі шараларды ұйымдастыруды дәстүрге айналырған. Бұл жолғы бағыт Белинский ауылы болатын. Ондағы кеш қызықты өтті. Ауыл жастары мектеп ішіндегі спорт залында бас қосып, волейбол ойындары бойынша жарысқа шықты. Ауыл жастарының белсенділігі қуантады. Жанкүйерлердің қатары да аз болмады.
         –Ауыл жастарының бос уақытын қызықты әрі тиімді өткізу мақсатында жолға шыққан едік. Ойымыз жүзеге асып, бір күн көңілді өтті. Белинский ауылының жастары белсенді әрі ұйымшыл. Барлық ұйымдастырылған ойындарға, тренингтерге қатысып, өздерін танытты. Кеш соңында жүлдегерлерді, белсенді жастарды марапаттап, би кешімен аяқтадық. Өз атымыздан осы шараны ұйымдастыруға көмегін берген мәдениет орталығының жетекшісі Т. Леонидовнаға және Белинский ауылының барлық жастарына шексіз алғысымызды білдіргіміз келеді, – дейді Таран ауданы жастар бастамалары орталығының басшысы Ж. Жұмашев.
 
Айтолқын Айқадамова
Суретте: жастар бас қосқанда

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓