Этнокөрмеге шақырту алыңыз

1 наурызда облыстық Достық үйі Қазақстан халқы Ассамблесяның 20 жылдығына орай «Менің елімнің тарихындағы–менің отбасымның тарихы» (История моей семьи – в истории моей страны) атты этнокөрме ұйымдастырмақ. Екі апта ішінде әр шаңыраққа тиесілі құнды заттар жиналатын болады. Сондықтан, тұрмыстық техникалар, киім-кешек, музыкалық аспаптар, көне кітаптар, қолөнер бұйымдарын Достық үйіне тапсыруға асығыңыздар. Үздік экспонаттардың иелері  көрменің ашылуына шақырту алып,  алғыс хатпен марапатталмақ. Аталған көрмеге кез келген ұлт өкілдері қатыса алады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓