Оқыс жайтқа орын жоқ

Тасқын қаупі төнген сайын бақылау күшейді. Қатермен бетпе-бет келмеу үшін дайындық шаралары дамылсыз пысықталып жатыр. Әсіресе, су қоймалары мен бөгеттердің қалпы назарда ұсталуы керек. Осы мақсатта облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Таран, Жітіқара аудандарына арнайы жұмыс сапарымен барды.IMG_9327
Аймақ басшысы ең әуелі Таран ауданына аялдап, Аят өзенінің жағасында салынып жатқан бөгеттің жай-күйімен танысты. Оның құрылысына облыс бюджетінен 116,4 млн теңге қаржы бөлінген. Жобаның жалпы құны – 270 783 мың теңге. Жұмыстар биыл қазан айында аяқталмақ. А.Мұхамбетов мерзімнен бұрын сапаға ден қоюды тапсырды.IMG_9293 Бұл жерде аудан құтқарушылары мен техника сап түзесіпті. Олар табиғаттың тосын мінезіне тас-түйін дайын екендеріне сендірді.IMG_9292
IMG_9350Жітіқараның да жіті бақылауында бірнеше гидротехникалық нысан бар. Солардың бірі – Желқуар су қоймасы. Мұнда қызыл су қарқыны күшейіпті. Қойма арқылы арқырап ағып жатыр. IMG_9379Учаске басшының А.Мұхамбетовке берген ақпаратынша, бұл ағын Денисов ауданы арналарын көктеп өтіп, Тобыл өзеніне қосылады. Жауапты мекеме өкілдері мұндағы жағдайды ұдайы қадағалап отыр. Айта кетейік, бұл нысан республикалық және облыстық бюджет есебінен 2011-2013 жылдары салынған болатын.IMG_9373
IMG_9381Кезекті нысандар – төменгі және жоғарғы Шортанды су қоймалары. Бұл жерде де қызыл су деңгейі көтерілген. Дегенмен, таяудағы елді мекендерге келер қауіп жоқ. Оның үстіне, сонау 1962 жылы пайдалануға берілген қос қойма да биыл күрделі жөндеуден өтеді. Оған 154,4 миллион теңге қаржы қарастырылыпты.IMG_9466
 
IMG_9460
 
IMG_9378– Елді мекендерге жақын орналасқан су қоймаларын сапалы етіп жөндеу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қауіпсіздікті осы бастан қамдау керек. Сондықтан, бұл екі су қоймасын жөндеу жұмыстары мамыр айынан басталады, – деді өз сөзінде өңір басшысы.IMG_9479
Жауапкершілікті мойнына алған мердігер компания құрылысты осы жылдың тамыз айында аяқтауға уәде етті.IMG_9461
       
IMG_9482Мұнан соң облыс әкімі Жітіқарада құрылысы қолға алынған бірқатар нысанға соқты. Жақын арада Жапон елшілігі қаражаты есебінен мүмкіндігі шектеулі балаларды күндіз қабылдайтын мекеме пайда болады. IMG_9393
IMG_9409Сондай-ақ, бұл ауданда бұрын-соңды болмаған спорттық-сауықтыру кешені бой көтермек.
IMG_9422
IMG_9433
 
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓