Балабақша салынуда

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту мақсатында Лисаков қаласында   жыл аяғына дейін 150 орындықты балабақша пайдалануға беріледі. Бұл ең бірінші рет ашылайын деп тұрған мектепке дейінгі жекеменшік ұйымда бір жастан үш жасқа дейінгі сәбилер тәрбиеленеді.
балабақшаБұл бастаманы мектепке дейінгі білім беру жүйесінде қырық жыл бойы жұмыс істеген Любовь Захарова қолға алды. Мұндай тамаша жобаны іске асыру Любовь Михайловнаның көптен бергі арманы еді. Ұлдары Андрей мен Константин де сәбилер мекенінің құрылысына қаржылай демеушілік жасады. Жыл аяғына дейін алпыс бала «Балақай» балабақшасының есігін ашады.
Жекеменшік бақшаның құрылысына Лисаков қаласының әкімі Марат Жүндібаев та қолдау көрсетуде. Балалар мекеніне арнайы құрал-жабдықтар алу мақсатында жекеменшік ұйым «Жол картасы-2020» бағдарламасына қатысып, 2 млн. теңге грант ұтып алды.
Лисаков қаласының ішкі саясат бөлімінің маманы Дәмір Тоқжановтың айтуынша, келесі жылы тағы да балғындардың бес кіші тобы ашылатын болады.
Жаңа балабақшаның бүлдiршiндердiң шат күлкiсiне бөленер күнi алыс емес.
 Шұға Қоңқабай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓