Көше 1 айға жабылады
Қостанай көшелерінің жабылатыны туралы ақпаратты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі таратты. "23 мамырдан 23 маусымға дейін Бородин көшесінің Лермонтов-Фабричный көшелері аралығындағы учаскесіндегі ф530 жылу жолы жөнделеді. Соған байланысты осы автокөліктердің осы көше арқылы қозғалысы шетеледі. Ескертпе автожол белгілері Баймағамбетов, Уәлиханов, Фабричный көшелері бойына қойылады", – делінеді хабарламада.