Жаңа тағайындаулар
Бүгін Президент Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің өкімімен Арман Тарғынұлы Әбенов Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.Әбенов Арман Тарғынұлы бұған дейін облыс әкімінің кеңесшісі, Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған.
А. Т. Әбенов кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер, сондай-ақ еңбек инспекциясы мәселелеріне жетекшілік ететін болады.
Сондай-ақ, Архимед Мұхамбетов Қостанай облысы әкімі аппаратының жаңа басшысы Эльдар Қонысбайұлы Күзенбаевты таныстырды.
Э.Қ. Күзенбаев бұған дейін "Nur Otan" партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.