Тапшы мамандар тартудың амалы

Қарасу ауданында тапшы мамандардың тұраламауының басты себептерінің бірі – баспанамен қамтылу мәселесі. Сондықтан жергілікті билік осы түйткілді шешуді қолға алмақ. Бұл туралы "КН" жазады.ремонт
Бұл бастаманы қарасулық кәсіпкерлер де қолдап отыр. Нәтижесінде, осы ауданда "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында әсіптестік меморандумына қол қойылды.  Келісім-шартқа сәйкес, тауар өндірушілер аудан орталығында тұрғын үй салып қана қоймайды: "Железнодорожное" ЖШС Октябрьский ауылындағы 12 пәтерлі үйді жөндейді. Ал "Қараман-К" ЖШС Восток ауылындағы екі баспананы қалпына келтіретін болады.
Биыл "Рухани жаңғыру" бағдарламасы шеңберінде аудан мекемелерінің қатысуымен 100 млн теңгенің 27 ауқымды әлеуметтік жобасы іске асқан. Оның ішінде көптен күттірген Октябрьский ауыл ауруханасы жөндеу көрді. Бірнеше мектепке ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал Степной елді мекенінде қоғамдық монша мен жаттығу залы салынған. Бұл жұмыстардың басы-қасында «ТПК Карасу», «НурАл», «Железнодорожное» және «Astana grand trade» ЖШС-тері болды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓