Салауатты өмір салтын ту еткен

Кез – келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру – баршаның борышы.
CAM00275Осы мақсатта облыс орталығындағы Мәриям Хакімжанова атындағы 20 мектебінде «Денсаулық сабағы» атты іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бір аптаға созылатын іс-шараларға 1-11 сынып оқушылары мен ата-аналар, мұғалімдер атсалысуда.Рисунок1
Онда білім ордасы оқушыларына арнайы жиын өткізіліп, мектеп мед.бикесі Ж. Кабдрахметова денсаулықтың маңыздылығына, оны сақтау мен жұқпалы аурулардың алдын-алу туралы мәліметтер берді.
Ал, «Жас Ұлан» ұйымы мүшелері  оқушыларды  салауатты өмір салтын сақтауға шақырды. 1-11 сынып жетекшілері «Денсаулық зор байлық» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сынып сағаты барысында  тақырыптық бейне материалдар, суреттер көрсетіліп, түрлі ойындар ұйымдастырылды. Мектеп жантанушысы С. Стамкулова 7-11 сынып оқушыларына  «Жұқпалы аурулардан сақтану» тақырыбында  семинар-тренинг өткізді.  Ал кеше  мектеп алаңында «Денсаулық фестивалі-2014» өткізілді. SAM_5376Іс-шара барысында ҚР Гимні шырқалып, мектеп директоры К. Шинбулатова Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы» деген сөзін алға тарта отырып, оқушыларға өз тілегін білдірді. 2-4 сынып оқушылары мен ата-аналары арасында «Әкем, шешем және мен»спорттық сайысы өткізілді. Сайыс барысында түрлі қызықты ойындар ойнатылып, жеңімпаз отбасылар мадақтама қағазымен марапатталды.  5-11 сынып оқушылары 500,1000,1500 метр қашықтыққа  жүгіріп, өздерінің спортқа деген бейімділіктерін көрсетті. Мектептің футбол құрама командасы мен  облыстық «Озат» мектебінің футбол командасы арасындағы жолдастық кездесу де өте тартымды өтті. 3:2 есебімен Мәриям мектебінің құрама командасы жеңіске жетті. «Денсаулық фестивалі-2014» мектеп оқушылары ұйымдастырған «Шынықсаң шымыр боларсың» атты флэш-мобпен  аяқталды.
 
Мешіт Ғазиз

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓