12-үйдің тұрғындар кім болады?

Лисаков қаласының 7 шағын ауданында құрылысы жүріп жатқан жаңа үйге 12-ші нөмір беріледі. Негізін қалаумен рудныйлық "Бренд-Бенд" ЖШС айналысуда. Баспанада 15 бір бөлмелі (48 шаршы метр), 15 екі бөлмелі (60 шаршы метр) және 66 шаршы метрлік 30 шақты екі бөлмелі пәтерлер болады. Үй ауласында балалар алаңы, көлік қоятын орын салынбақ және гүлзарлар егіліп, көшет отырғызылады. кран
Пәтерлер Боксит кен басқармасы комбинаты (БКБК) қызметкерлеріне ұзақмерзімді жалға беру жолымен табысталады. Кен басқармасы маңынан тұрғын үй алаңдарын бөлумен айналысатын комиссия құрылады. Алғашқы кезекте білікті қызметкерлер, жас мамандар және аса қат мамандық иелері басыбайлы баспанаға қол жеткізеді. 
Жалпы, кәсіпорында пәтер кезегін 300 жұмысшы күтіп жүр. Барлығы 2200 адам қызмет ететінін айта кеткен жөн.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓