Тарихи құжаттың маңыздылығы туралы
Сарыкөл ауданына жұмыс сапарымен келген республикалық ақпараттық-насихат тобы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндірді. РАНТ мүшелерінің келелі кездесуіне аудан активі, мемлекеттік қызметкерлер, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, бизнесмендер, аға ұрпақ өкілдері және жастар жиналды.
Алдымен, Қазақстан Республикасының Парламентінің Мәжіліс депутаты В.П.Рогалев жаңа Жолдаудың маңыздылығы мен Қазақстанның стратегиялық даму бағыты туралы айтып берді. Халық қалаулысы Президент Жолдауы әлемдік дағдарыстың алдын алуға мүмкіндік туғызатындығын ерекше атап өтті.
Жалпы, республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері біздің мемлекет басшысының жаңа экономикалық саясатының негізгі бағыттары, макроэкономикалық кеңістіктегі мемлекет саясаты туралы түсінікті әрі толығырақ тоқталды. Сондай-ақ, әңгіме барысы Қазақстан халқы Ассамблеясының алдағы мерейтойы туралы да өрбіді.
Жаңа құжаттың негізгі тапсырмалары түсіндірілген дәл осындай келелі кездесу Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінде де өтті. Оған білім орадсының тәлімгерлері мен студенттері қатысты.
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы