Өрмек жүзінен ауды

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының берген мәліметтерінше, күні бүгін 2 млн га алқапқа  дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар (бидай, арпа, сұлы, тары, қарақұмық, нут, бұршақ, жасымық) сіңірілді. Бұл жалпы егіс алқабының (3,9 га) 50,3%-не тең.егісМайлы дақылдарды (күнбағыс, рапс, зығыр, қыша, арыш, соя) егу жұмыстары аяқталып қалды.  Белгіленген меже бойынша 476 мың га жердің 306 мың гектарына себілді.
Әзірге күн райы шаруаларға қарасып тұр. Соңғы тәуліктің өзінде 270 мың гектарға дән сіңірілді. Егіс науқанындағы ең жақсы көрсеткішке Жанкелдин ауданы ие – 60%, Әулиекөл — 58%, Аманкелді — 52% орындалған.
Егер күн райы қалыпты болса, барлық жұмыстар 1 маусымда аяқталады.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓