Құрылыс қарқыны қалай?

Қаладағы сәулет және қала құрылысы қызметі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы аталған бөлімнің басшысы Андрей Финк баяндама жасады. А.Финк қазіргі уақытта қаланың бас жоспарын жүзеге асыру мақсатында қала құрылысы жобалары әзірленгенін айтты. Аталмыш жобалар төмендегі кестеде көрсетілген.IMG-20190520-WA0027
«Береке» шағын ауданында 100 гектар аумақта құрылыс жүріп жатыр
Тұрғын үй қоры – 362 500 шаршы метр немесе 47 үй, 4700 пәтер. Қолда бар усадьбалық құрылыс бойымен 298 пәтерлік блокталған құрылыс салынған 25 үй (танхаустар).
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы шеңберінде 3000 орындық футбол манежі салынды.
Қазіргі уақытта «Болашақ» ЖШС 72 пәтерлік тұрғын алаңы 2574 шаршы метр екі таунхаустың құрылысы басталды.
 
Сондай-ақ, әлеуметтік-қоғамдық маңызы бар бірқатар нысандар, атап айтқанда пошта бөлімшесі, заңды және нотариалдық кеңселер, тәртіпті сақтау пункті, коммерциялық кеңселер, спорт кешені, емхана, кітапхана, балалар шығармашылық үйі, қызығушылықтары бойынша клубтар, монша-сауықтыру кешені, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары жобаланған.
– Екі мектеп пен төрт балабақша радиус бойынша қадамдық қол жетімділік аймағында орналасқан. Сонымен қатар жобада автотұрақтар, паркингтер, қазандық, ГРП, өрт депосы қарастырылған.  Шағын ауданның құрылысын 2021 жылға қарай аяқтау жоспарланды, – деді А.Финк.
Қала аумағына кіретін «Қонай» шағын ауданы Қостанай қаласының бас жоспарына да енді.  Мұнда аз қабатты жеке құрылыс және көппәтерлі құрылыс салу жобасы басталады.
– Қонай тұрғын массивінің солтүстік-батыс бөлігінде жалпы ауданы 22 300 шаршы метр, 1425 пәтерлік 30 бес қабатты үйді орналастыру жоспарға алынды. Сонымен қатар, ЖТҚ құрылысына 2092 жер учаскесі қарастырылған. Құрылыс салу үшін жеке тұрғын үйлердің 3 жобасы ұсынылады. Жалпы тұрғын ауданы – 94 955 шаршы метрге жетіп отыр, – деп түсіндірді бөлім басшысы.
Шағын ауданда 280 орындық 5 мектепке дейінгі мекеме және 864 орындық 2 жалпы білім беретін мектеп құрылысы қарастырылған.
Жиында айтылғандай, 2018 жылы Қостанай қаласы бойынша 215059 шаршы метр жер телімі пайдалануға берілді. Тағы бір айта кетерлігі, қазіргі уақытта «Жарнама туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізілуіне байланысты елді мекендердегі үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жерлерде және Қостанай облысының аумағындағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеулерінен тыс ашық кеңістікте сыртқы (көрнекі) жарнама құралдарын орналастыру Ережесінің жобасы әзірленді. Бұл облыс әкімдігіне алдын ала келісуге жіберілді. Осы ереже Ұлттық экономика министрінің осы мәселе бойынша бұйрығы күшіне енгеннен кейін әділет департаментіне тіркеуге жіберілетін болады.20170518175329-e1510213413580
Маршруттық автобустардың салондарына жаднамаларды орналастыру жұмыстары өрт қауіпсіздігі талаптарын халыққа түсіндіруге бағытталған үгіт-насихат іс-шаралар шеңберінде іске асып отыр. Қостанай қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері «Қостанайавтотранс» ЖШС маршруттық автобустарында «Газ және оны пайдалану ережелері», «Өрт болған кездегі іс – әрекеттер» және «Орманды өрттен сақтаңыздар!» тақырыптар бойынша жаднамалар орнастырылды. Қоғамдық көлікте көптеген адамдардың жиналу мүмкіндігі бар болғандықтан, көлік құралдар салонында орналасқан жаднамалар халықты өрт қауіпсіздік ережелеріне ақпараттандырудың ең тиімді тәсіл болып саналады. Бұған қоса, Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметі көшелердің жабылуы туралы ақпарат таратты.
«Құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты Гагарин көшесін қайта жаңарту қолға алынды. 2019 жылдың 14 мамырынан 15 маусымына дейін Гагарин – Алтынсарин көшелерінің және Алтынсарин көшесінен Баймағамбетов көшесіне дейінгі шекарадағы автомобиль жолдарының қиылыстары жабылады», – делінген Қостанай қаласы әкімдігінің ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің хабарламасында.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓