«Болашақ» студенттері «Қазақстандағы Швейцария» аталып кеткен табиғатымызды Швейцарияда таныстырды
Швейцарияда білім алып жатқан «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары Швейцариядағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ және «Керуен» қазақстандық-швейцариялық қауымдастығының қолдауымен шетел студенттері мен ғалымдарға Қазақстанды таныстыру мақсатымен «Silkway» ауқымды шарасын өткізді.
«Болашақтықтар» өз елі, оның тарихы, мәдениеті, Қазақ хандығының 550-жылдығын мерекелеу, ЭКСПО-2017-ге дайындық, ДСҰ-ға кіру, ҚХА 20-жылдығы сияқты маңызды оқиғаларды әңгімеледі. Сондай-ақ, студенттер дайындаған бейнетаспа арқылы олар Қазақстанның сән-салтанатын, көз тартар тамаша табиғатын тамашалай алды.
Сонымен қатар, туризмді зерделеп жүрген «болашақтықтар» гид рөлін атқарып, кәсіби біліктіліктерін сынап көрді. Қатысушылар біздің елдің табиғатымен танысып, әсіресе «қазақстандық Швейцария» аталып кеткен көз тартар керемет табиғи көрініске куә болды.
Шараның басты мақсаты – Қазақстанды насихаттау, шетелдіктердің біздің елге деген қызығушылығын арттыру.
«Бүгінгі көрсетілімнен кейін міндетті түрде Қазақстанға барамын», – деді жиынға келген «Hotel Management school Ulrika Bjorklund» мектебінің деканы.