Ауылдың әлеуеті артып келеді
Мен ауыл ақсақалы есе-бінде ауыл тіршілігіне ризашылығымды білдіріп, атбасында жүрген азаматтардың, ауыл көлемінде атқарып жат-қан жұмыстарына қысқаша пікірімді білдіруді жөн көрдім.
Албарбөгет ауылдық округіне қарасты Көкалат және Көлқамыс елді-мекені Қабыр-ға өзенінің бойында орна-ласқан. Көкалат ауылының орталығында бір орта мектеп, Көлқамыс ауылында бір негізгі мектеп, оның сыртында екі ауылда медпункт және үш дүкен, бір тойхана, екі телемұнара, бір мешіт, екі клуб, екі кітапхана, "Ауыз су" бағдарламасы бойынша екі ауылға салынған су құбыры уақытылы жергілікті халықты ауыз сумен қамтып отыр. Ауылымыз Қабырға өзенінің бойында орналасқандықтан шабындығы мол, мал өсіруге қолайлы жер. Ауылдық округ бойынша 18 адам жеке шаруа қожалығымен, бес адам кәсіпкерлікпен айналысып еңбек етуде.
Былтыр аудан әкімінің қатысуымен өткен ауыл әкімі О.Біржікеновтың есеп беру жиналысында ауыл тұрғындары аудан әкіміне Албар-бөгет орта мектебінің жылу жүйесін жаңартып, жылу қазандығын мектеп ғимаратынан бөлек ғимаратқа шығаруын және клубымызды күрделі жөндеуден өткізіп беруін сұраған болатынбыз. Жақында осы өтінішіміздің орындалғандығының куәсі болдық. Ауыл әкімінің ұйым-дастыруымен клубымыз-дың ашылу салтанаты болып, мерекелік іс-шаралар өткізілді. Заман талабына сай жөндеу жұмыстары жүргізілген клубымызға ауыл ақсақалдары дән ризашылықтарын білдіріп, аудан әкімдігіне алғыстарын жет-кізді. Сонымен қатар мектептің жылу қазандығының сыртқа, бөлек ғимаратқа шығарылғандығын, жылу жүйесінің түгелдей жаңар-тылғандығын көріп, қуанышқа кенелдік. Жалпы ауылдық округ бойынша көптеген жұмыстар атқарылуда. Соның бірі "Сыма-К" жеке шаруа қожалығында еңбек етіп жүрген жастарға арнап екі үй, "Аянбай" жеке шаруа қожалығының жетекшісі Т.Әмірхамзин бір үй, жеке кәсіпкер Д.Сыздықбай бір наубайхана салып, ауыл әлеуметінің дамуына септіктерін тигізіп, халықтың ықыласына бөленуде. Бұл дегеніміз ауылымыздың қарқынды дамуының белгісі, жұмыссыз жүрген жастарға жұмыс орны бар деген сөз. Қазіргі уақытта ауыл тұрғындары қысқы мал азығын дайындап, ауылдық округ бойынша 1500 тоннадай шөп шабылып, тасылды. Шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер аз қамтылған, жағдайы төмен отбасыларына тегін шөп беріп, артылғанын аудан халқына қол жетімді бағамен сату жоспарын іске асырды. Еңбек етіп жүрген осы азаматтарға еңбектері жанып, шаруашылықтары алға басып, ауылымыз гүлдеп, көркейе берсін деп тілегімді білдіріп, батамды беремін.
Ғ.АБАЙДІЛДИН,
Албарбөгет ауылдық округі бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Жанкелдин ауданы.