Өнеркәсібі өркендеген Лисаков

Бүгін Лисаков қаласының әкімі Марат Жүндібаев баспасөз клубында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне Лисаков қаласының 9 айда атқарылған әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді. Шаһар басшысы баяндамасында негізінен өңірдің өзекті мәселелерін қамтып, олардың шешілу жолдарын тілге тиек етті. Өнеркәсібінің 82 пайызын тау-кен өндірісі құрайтын шағын қалада өткен 4 айда барлық меншік түріндегі өндірістік кәсіпорындар жалпы сомасы 8,3 млрд. теңгенің өнімін өндірген:DSCN4330
– Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айында боксит өндіру 4,7% өсті, темір кенін өндіру де 1,8 есеге артты. Әлемде болып жатқан әлемдік экономикалық дағдарысқа қарамастан жаңадан кен орындары табылды. «Өркен» ЖШС жаңадан кен өндіру учаскесі табылды.  Сонымен қатар, жыл басынан бастап қаланың әлеуметтік және инженерлік-инфрақұрылымын жақсартуға бөлінген республикалық трансферттер қысқарды, – деді М.Жүндібаев.
Көптеген сұрақтар «Лисаков қағаз-картон комбинатына» байланысты қойылды. Өткен жылдың қараша айында аталған кәсіпорын «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен меморандумға қол қойып, тұралап қалған комбинат енді ғана еңсесін тіктей бастапты.1111
-Қазір комбинат сұранысқа ие. Ал жалақы берешегі толық өтелді. Қағаз өңдейтін машина, барлық құрылғылар сақадай-сай. Тек ақпан айында ғана өндіріске 10 млн. теңге қаржы құйылды. Үстіміздегі жылдың екінші жарты жылдығында комбинат толық іске қосылып, 200 тонна қағаз, 500 мың жұмыртқа қорабын, 150 шаршы метр гофрокартон өндіруді жоспарлап отыр,-  деді М.Жүндібаев.
Басқа кәсіпорындардың жұмысында айтарлықтай ілгерілеу бар. «Дон Мар» кәсіпорын комбайнның жаткаларының барлық түрін өндіреді. «Өндіріс көлемі жылдан жылға артып келеді. 2014 жылы 80 тіркемелі және 125 асырмалы жаткаларды өндіреді. Камбайн жаткалары  Ресей және еліміздің барлық облыстарында сұранысқа ие», деді қала әкімі.
Кеншілер қаласындағы тағы бір серпінді жоба – Тобыл өзенінің жағалауына салынатын «Набережный» құрылысы. Жоба құны – 1,236 млрд. теңге. Оның жобалық-сметалық құжатына 100 млн. теңгеге жуық қаражат бөлініп, игерілді. Өзен арнасын тазартуға қосымша 46 млн. теңге жұмсалмақ.
 
Шұға ҚОҢҚАБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓