Түрмеге тұңғыш рет әйел түсті

Арқалықтағы 161/12 жазасын өтеушілер мекемесіне бірінші рет әйел адам түсті.Vinovnik-smertonosnogo-DTP-v-N
Арқалық түрмесінде ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін сотталғандар жазасын өтеп жатыр. Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, мұнда бірінші рет әйел адам түсіп отыр.
«1993 жылы туған бойжеткен бұған дейін Алматы облысының ЛА-155/4 мекемесінде жазасын өтеп келген. Кейін Арқалық түрмесіне жіберілді. Бұл қатаң режімдегі түрменің тарихындағы бірінші жағдай. Сотталған қыз ҚР ҚАК 96-бабы бойынша жазаны өтеудің белгіленген тәртібін жүйелі түрде бұзғаны үшін сот қаулысы негізінде толық қауіпсіздік мекемесіне келді», – делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.
Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі оның қасақана кісі өлтіргені үшін абақтыға жабылғанын айтты.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓