Жол-көлік апатында бала жарақаттанды

8 мамыр күні кешкісін Садчиков-Затобол жолында 23 жастағы қыз "Daewoo Matiz" маркілі автокөлікпен келе жатып, тәжірибесі аз болуы себепті жылдамдықты шамадан тыс асырып жіберіп, рульге ие бола алмай қалған. Көлік жолдан шығып кетіп, аударылды.  Апаттың салдарынан жолаушы қыз бен 2 жастағы бала әртүрлі жарақат алып, ауруханаға түсті.
9 мамыр күні Рудный қаласында №6 бау-бақша бірлестігінің аумағында 50 жастағы жүргізуші  "ВАЗ-2109" машинасымен жолға күтпеген жерден жүгіріп шыққан 7 жасар баланы соғып кетті. Бала облыстық ауруханаға жеткізілді. Жүргізуші  ішімдік ішпеген. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓