Танысын тірідей көмген…
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, арнайы сотқа ҚР ҚК 99 бабына сәйкес арыз келіп түскен.
Арызда көрсетілгендей, Рудный қаласының тұрғыны танысын тірідей көмген, кесірінен жәбірленуші көз жұмған.
Рудный қаласының екі тұрғыны өндіріс орнында алкагольді ішімдік ішіп, өзара келіспей қалған. Бұдан соң біреуі екіншісінің басынан 23 рет тепкен. Кейін күдікті қолына темір алып, жерде жатқан досының кеудесінен 4 рет ұрған. Әбден ашуға булыққан ол досын біржола өлтіруге бекініп, тағы да соққының астына алалды. Онсыз да араққа сылқия тойған жәбірленуші есінен танып қалады. Қимылсыз жатқан оны күдікті өлдіге балап, көлікке тиеп, Горняцкий ауылының шетіне апарып көміп тастаған. Сараптама қорытындысы бойынша, жәбірленуші алған соққыдан емес, үсіктен көз жұмған.