“Тобыл”-“Қайсар” – 1:0
Футболдан Қазақстан кубогі жартылай финалының алғашқы ойындарының нүктесін "Тобыл" мен "Қайсар" қойды.
Естеріңізде болса, қостанайлықтар «Қайсарды» соңғы төрт жылдан бері Қазақстан біріншілігінде жеңе алмай келе жатқан еді. Соңғы рет «Тобыл» «Қайсарды» Қызылордада 2015 жылдың 13 қыркүйегінде 2:1 есебімен жеңген болатын. Ал биыл қостанайлық клуб 12 мамырда өткен ел біріншілігінің 10-турында 1:5 есебімен ойсырай жеңілгені белгілі.
Осы жолғы кездесуде «Тобыл» сол олқылықтардың орнын толтыруға тырысты. Олар шабуыл шебінде көбірек бой көрсетті. Әсіресе, екінші кезеңде белсенділгі айқын аңғарылды. Нәтижесінде, 74-минутта Максим Федин өз командасын алға шығарды. Кездесуде «Тобыл» 1:0 есебімен жеңіске жетті. Қарымта кездесу 19 маусымда Қызылордада өтеді. Жеңімпаз екі кездесудің нәтижесі бойынша анықталады.
Айта кетейік, екінші айналым ойындары 26 мамырда басталады. Бұл күні «Жетісу» мен «Қайсар», «Ақтөбе» мен «Ордабасы», «Ертіс» пен «Атырау», «Оқжетпес» пен «Астана», «Тараз» бен «Тобыл», «Шахтер» мен «Қайрат» командалары кездеседі.
Сурет "Тобыл" ФК ресми сайтынан алынды