Жастарға жаңа мүмкіндік

Елде 2019 жылдан бастап «Президенттік жастар кадрлық резервін» жасақтау шарасы жүргізіліп келеді. Биыл бұл шара қыркүйек айының 1-30  аралығында өтуде.
Бүгінгі таңда «Президенттік жастар кадрлық резервіне» Арқалық қаласынан 20 үміткер қатысып отыр. Көшбасшы жастарды ел арасында кеңінен насихаттау үшін олардың фотосуреттері қала көшелеріне ілінбек.
Еске сала кетсек, іріктеу қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет саласына 50 адам таңдалып алынады. Басты талап: жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі бар және жұмыс өтілі бес жылдан кем емес ел азаматы болуы керек.
Биылғы іріктеудің ерекшелігі – рекрутинг процесі білімді, дағдыларды анықтауға ғана емес, сондай-ақ кандидаттардың шынайы уәждері мен олардың құндылық бағдарларын бағалауға бағытталған. Бірінші кезекте қоғамдық мүддені басшылыққа алатын жас таланттарды анықтауға баса назар аударылады. Осыған байланысты іріктеу кезеңдеріне ситуациялық есептерді шешу, құзіреттілік сұхбат сияқты бағалаудың жаңа құралдары енгізілген.
«Президенттік жастар кадрлық резервіне» үміткерлерді алу бірнеше кезеңнен тұрады және соңғы шешімді ұлттық комиссия қабылдайды.
Мұрат Жүнісұлы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓