Түнгі салқын келе бастады
Қыркүйектің алғашқы демалыс күндері аймағымызда аздаған жауын-шашынды болады. Бұны облысымыздағы «Қазгидромет» орталығының мамандары 6 және 7 қыркүйекте өңіріміз арқылы салқын ауаның өтуімен байланыстырып отыр.

8 қыркүйектен бастап бір-екі тәулік күн ашық болғанмен, айдың 10 жұлдызынан қайтадан жауын-шашын болады деп болжанып отыр. Ауа температурасы да төмендей бермек.
Шұға Қоңқабай