Ел денсаулығы жіті тексерілуде

"Денсаулық – басты байлық". Арқалық қаласындағы жылжымалы медициналық жиынтық ел арасына жиі шығып жүр. Медициналық заманауи құрылғылар орнатылған "Камаз" тіркемелі жүк көлігі, бүгінде Родина ауылының тұрғындарына дәрігерлік қызмет көрсетуде.
арқалық
"Саламатты Қазақстан – 2011 – 2015" бағдарламасы бойынша жолға шыққан дәрігер мамандардың көңілдері сергек, істері ширақ. Мемлекеттік бағдарламаның арқасында дәрігерге қаралып, денсаулықтарын тексерту мүмкіндігіне қол жеткізген ауыл тұрғындары да шексіз қуанышты.
Жүрек қан тамырлары аурулары, қан қысымы, көз аурулары, қант диабеті, қатерлі ісік және басқа да аурулардың алдын алу үшін скрингтік тексерулер жүргізілуде. Көз дәрігері, акушер гинеколог, тіс дәрігері, терапевт, УЗИ, жедел зертхана жұмыс істейді. Осындай тексерулердің барысында ел ішінен бұрын байқалмаған 700 – ге жуық сырқаттық белгілер анықталды, – дейді жиынтық жетекшісі, өңірлік емхананың бас дәрігерінің орынбасары Алтын Рақымжанқызы.
Жылжымалы медициналық жиынтық бұған дейін Жанкелдин, Аманкелді, Наурызым аудандарының халқына қызмет көрсетіп келген. Арқалық өңірінің де бірқатар ауылдары жаңалықты қызметтің игілігін көріп үлгірді. Ақ халатты абзал жандардың алдағы бағыттары қалаға қарасты Үштөбе, Фурманов, Восточный ауылдары.
                                                                                   
 
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓