Тәжірибесімен бөлісті
Қостанай педагогикалық колледжінде облыстық халық шығармашылығы орталығы шеберлік сыныптарын өткізді. Бұл жолы облыс аумағындағы вокалды ансамбльдер мен мәдени ұжымдар хор жетекшісі Н. Авдеевадан көп дүниені үйренді. Білгендерін ұштап, шыңдала түсті. «Мұндай оқыту сабақтарының мәдениет саласының дамуына пайдасы зор» – дейді ұйымдастырушылар.