Студенттерге ауызашар берді
Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің ұжымы өз жатақханаларындағы ауыз бекіткен студенттерге ауызашар рәсімін жасады. Биыл 40 жылдығын қарсы алып отырған білім ордасы мұндай ізгі шараны өткізуді жыл сайынғы дәстүрге айналдырған.



Жалпы, колледж жатақханасында тұратын 235 студент болса, соның 202-сі ораза ұстауды қалаған екен.
"Жатақханамызда қаладағы өзге де оқу орындарының жастары бар. Қасиетті айдың құрметіне ұжымымыздың ұйғарымымен 100-ге тарта шәкіртке дастархан жайып, ықылас көрсетуді жөн деп шештік. Ауыз бекіткен оқытушылар да бар. Осы істің басы-қасында мұрындық болып жүрген де сол кісілер, – дейді колледж директоры Сандуғаш Алматова.

Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы