Мейірбандық – жүректен
Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің қызметкерлері мен шәкірттерінің ұйымдастыруымен «Мейірбандық – жүректен, қайырым – білектен» атты қайырымдылық шарасы жасалды. Мұндағы мақсат – көп балалы отбасыларға және көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық таныту.
Ол үшін Қостанай қалалық мешітінің наиб имамы Нұрлан Сейдағалиев бастаған топ «Складской» сауда орталығындағы жеке кәсіпкерлермен кездесіп, шараның мақсатын түсіндірді.




ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі