Ғылымның сан қыры

Аманкелді ауданының Байғабыл ауылында «Туған жер» кіші бағдарламасы шеңберінде басқосу болып өтті. А.Нұрманов атындағы орта мектепте өткен шараға Еуразия Ұлттық Университетінің химия ғылымдарының кандидаты, доцент Гаухар Тәжікенова шақыртылды. Кездесу басында ауыл мектебі туралы  шағын презентация көрсетілді. Университеттің аға оқытушысы білім жолында жеткен жетістіктерімен бөлісті.
IMG-20190514-WA0052
– Ғылым – сан қырлы сала. Оның ішіне үңілсең, тұрмыстағы көп нәрсенің шешімін оңай табуға болады. Бастысы, баланы жасынан үйреткен дұрыс. Талпынысы болса, өзі-ақ алып кетеді. Мектеп оқып жүргеннен бастап осы химия пәніне қызығатынмын. Бізге білім нәрін төгіп, барын аямаған ұстаздарымызға алғыс көп, – дейді Гаухар Тәжікенова.
IMG-20190514-WA0050
Гаухар Қарғабайқызы мектеп оқушыларына өз саласы бойынша зертханалық жұмыстар көрсетті. Ал талай жыл химия пәнінен сабақ берген педагог Құланбай Теміровтің сөзінше, болашақта жаратылыстану ғылымдары алдыңғы қатарға шығады. Сондықтан оны жетілдіру барысында мектеп түлектері сол бағытты таңдауы тиіс. Оқушылар арасында қызығушылық  танытқан оқушылар да болды.
IMG-20190514-WA0050.jкpg

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓