«Мірдің оғы»

Арқалықта осындай атаумен даңқты жерлесіміз, сатирик – жазушы, этнограф – ғалым С.Кенжеахметовтың 80 жылдығына арналған Республикалық театрлар фестивалі өтті.IMG_4482
  Екі күнге созылған думанды додаға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын, сатирик К. Әмірбеков бастаған қазылар алқасы әділ бағасын берді.IMG_4487
  Ел алдында Сейіт ағасы жайлы жарқын естеліктер айтқан сатира сардары Көпен Әмірбек: "Біздің бұл бастамамыз игі дәстүрге айналса, яғни жыл сайын елімізде С. Кенжеахметов атындағы республикалық театрлар фестивалін өткізу қолға алынса" деген ұсынысын білдірді. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Нағашыбай Мұқатов сиясы кеппеген тебіреністі арнау жырын оқыды. Марқұмның ұрпақтары арнайы әзірлеген сый – сияпаттарын жасап, жарыс жүлделерін табыстады.IMG_4494
 
IMG_4472
IMG_4478Фестиваль қорытындысында, Аманкелді ауданынан М.Қапышов атындағы халық театры (жетекшісі Г.Ғұбайдуллина), Жанкелдин ауданынан «Күлкі» әзіл-сықақ театры (жетекшісі К.Әлібек), Рудный қаласынан «Берік-шоу» театры (жетекшісі Б.Серікұлы), Таран аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған Халық театры (жетекшісі А.Ерғалиев) қатысқаны үшін, «Үздік дебют» аталымымен Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филормониясы жанынан құрылған «Маса» әзіл-сықақ театры (жетекшісі О.Бегайдаров), «Үздік әзіл-сықақ театры» аталымымен Меңдіқара ауданынан «Әдемі әзіл» студиясы (жетекшісі М.Нағашыбай), «Көрермендер көзайымы» аталымымен Б.Жүзбай, «Үздік актерлік шеберлігі үшін» А.Жүкебаев марапатталды. Сейіт Кенжеахметов атындағы арнайы жүлдеге ақтөбелік «Екі езу» сатира театры (жетекшісі Н.Жұбатқан) ие болды.
 
Мұрат Жүнісұлы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓