Тау көтерер Толағай-техника

«ССКӨБ» АҚ Қашар кенішіне инвестициялық бағдарлама аясында жаңа БелАЗ 75/307 келді. Жүк көтерімділігі 220 тонналық көлік – кәсіпорынның автопаркіндегі самосвалдардың ең қуатты, әрі өнімді өкілі.фото - 1
Құны 1 миллиард теңгеден асатын техника 50 градус суық пен аязға қарамастан жұмыс істей береді. Негізгі міндеті – кеніштің төменгі деңгейжиегіндегі экскаватор жүктеген кен үйіндісін жоғарыға апарып төгу. Орташа есеппен, бір ауысымда 27 рейс жасап, жылына 4 млн тонна жүк тасымалдай алады.фото - 2
БелАЗ жүргізушінің қауіпсіздігі мен жұмыс сенімділігін қамтамасыз ететін бақылау жүйелерімен жабдықталған. Мысалы, машина жүре бастағанда ескерту дыбысы автоматты түрде іске қосылады. Ұйқыға қарсы жүйе адамның қалғып кетпеуін қадағаласа, кабинада орналасқан түйме төтенше жағдайларда қозғалтқышты жедел өшіруге мүмкіндік береді.
– Қашар өндірістік алаңында барлығы 54 алып жүк көлігі бар. Бүгінге дейін олардың ең үлкені 180 тонналық Hitachi болып келді. Енді, міне, тау көтерер толағайға қол жеткізіп отырмыз. Техниканың осы маркасына Ресейдің, Беларустың, АҚШ-тың алып тау-кен кәсіпорындары тиісті бағасын беріп үлгерген, – дейді «ССКӨБ» АҚ Автокөлік басқармасының автоколонна басшысы Талғат Әлібаев.фото - 3
БелАЗ кеншілердің еңбек өнімділігін бірнеше есе арттырды. Бұл тек бастамасы ғана. Өйткені темір кенінің орасан зор қоры бар Қашарды алда үлкен жобалар күтіп тұр.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓