Өнеркәсіпте өсім байқалады

       Үстіміздегі жылдың алғашқы  төрт  айында өнеркәсіпте біршама өсім  байқалады. Дәлірек айтсақ, кәсіпорындар 77,8 млрд. теңгенің өнімін шығарған. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 17 пайызға көп. Оның басым бөлігі азық – түлік тауарларына тиесілі. Әсіресе, тәтті сусындар, ұн, сүт, шұжық өнімдеріне сұраныс мол.b901d87f1fae0a8f29cae70a04638904
     Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысына арналған алқалы мәжілісте облыс әкімі аудан, қала әкімдеріне экономикаға инвестиция тарту жұмыстарын ширату керектігін ескертті.
         Қазір әлем елдерінің экономикасында тұрақсыздық байқалады. Сондықтан, қиындықтан қиналмай шығудың жолы – қазына қаржысын молайту. Экономика қуатты болса, дүниежүзіндегі дағдарысты да еңсеруге болады. Алқалы отырыста облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюк төрт айда еңсерілген істер туралы есеп берді. Оның айтуынша,  биыл өңірде 69 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліпті. Өткен кезеңмен салыстырғанда өндіріс деңгейі біршама жоғарылаған. Салада кемшін тұстар да жоқ емес. Тау – кен өндірісінде  әлде де көрсеткіштерді жақсарту қажет. Мәселен, темір жентектерін өндіру  47 пайызға төмендепті.  Дегенмен, серпінді істер де көңілге демеу.
        -Соңғы айларда өңдеу өнеркәсібінің алға ілгерлегені аңғарылады. Өндіріс орындары  77 млрд-тан астам теңгеге бағаланған өнім шығарды. Бұл өткен жылдағыдан 17 пайызға көп6 -деді облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюк.
          Инвестициялық климатты жақсарту-экономиканы дамытудың негізгі тетіктерінің бірі. Облыс әкімі аудан, қала әкімдеріне экономикаға инвестиция тарту жұмыстарын ширату керектігін айтты. Жітіқарадағы индустриалды аймақтың құрылысына 88 млн. теңгедей қаржы қажет. Бірақ, басты мәселе бұл емес.
        -Инвесторлар аталған аумаққа зауыт салып, тиісті қондырғыларын орнатып барынша қызығушылық танытса, әкімдік те қолдау көрсетуден аянып қалмайды. Барлығы бизнесмендердің белсенділігіне байланысты. Ал жергілікті билік жетіспей тұрған қаражатты бөлуге әзір,-деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.
        Тұтастай алғанда былтыр индустрияландыру картасы аясында құны 18 млрд теңге болатын 4 кәсіпорын бой көтерді. Биыл  жалпы сомасы 23 млрд теңге болатын 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Сол арқылы 500 адам жұмыспен қамтылмақ.
        -Үдемелі индустриалдық даму бағдарламасының алғашқы бес жылдығында жүзеге асырылған инвестициялар көп болғанымен, сапасы сын көтермейді. Жаңадан ашылған зауыттардың кейбірі толық қуатта жұмыс істемейді. Ал екі жобаның жұмысы мүлдем тоқтап тұр. Сондықтан облысымызда нақты индекс көлемі төмен. Жыл соңына қарай көрсеткіштерді жақсартуды тапсырамын,-деді әкім.
         Ол көрсеткіштерді жақсарту жөнінде Еңбекпен қамту басқармасының басшысына сын ескертпе айтылды. «Жұмыспен қамтудың жол картасының» орындалуы көңілге қонымсыз,- деді Архимед Мұхамбетов. Ифрақұрымдарды қалпына келтіру бағыты бойынша 27 әлеуметтік нысан жөндеуден өтуі тиіс. Ол үшін қазынадан 2,5 млрд теңге құйылды. Бірақ, тең жартысына әлі күнге дейін тендер өткізілмеген. Соның нәтижесінде, қаржы игеру деңгейі төмен.
        Ведомства басшысы бүгінде елді мекендерде жұмысыздықпен күрес күшейгенін айтты. Биыл мемлекеттік бағдарламаның іске асыруға 4 млрд.782 млн теңге бөлінді. Соның 2,3 млрд. теңгесі ұлттық қордан қарастырылған. Екінші бағыт аясында 132 млн. теңгеге өз ісін ашуға 55 адамнан өтініш келіп түсті.  Оның 60 пайызға жуығы кәсібін кеңейтуді көздейді. Қайта даярлау курстарына 412 млн. теңге бөлінді. 230 адамды оқыту жоспарланған,-дейді  облыстық жұмыспен қамту басқармасының басшысы Гүлнар Әбенова
          Жұмыссыздықпен қатар еңбек қауіпсіздігі де басты назарда ұсталынған. Жыл басынан бері 51 адам еңбек орындарында жарақат алса, соның 6- уі көз жұмған. Жұмыскер мен жұмыс беруші арасында ұжымдық келісім шарт болуы міндет. Тек сонда ғана заң бұзушылықтардың саны азаяды – дейді аймақ басшысы. Екі жақтың қосымша міндеттері көрсетілген маңызды құжат жұмыскер мен жұмыс берушінің ортақ мәмілеге келуіне ықпал етпек.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓