Ауылға ауыз су тартылуда

Арқалық қаласының Дачный ықшам ауданы тіршілік нәрін еркін тұтынуға мүмкіндік алды. Бұл – осы уақытқа дейін көшедегі бірді-екілі колонкалардан тасымалдап келген ауыл тұрғындары үшін көптен күткен зор қуаныш.IMG_4441
Су құбыры құрылысының жұмыстарына тапсырыс беруші – Арқалық қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы. Атқарушы мердігері – "АстанаКомИнжСтрой" ЖШС.
Екі жақты келісімнің нәтижесінде қолға алынып жатқан жұмыстардың барысымен қала әкімі Эльдар Күзенбаев арнайы барып танысты.IMG_4408
Аталмыш ықшам ауданда 200-ден астам тұрғын үй бар. Мердігер су құбырын әр үйдің шарбағына дейін жеткізіп береді. Одан әрі кіргізіп алу – меншік иесінің өз құзырында.
"Су құбыры тартылғанда үйлердің су желісіне қосылуы аса маңызды. Олай болмаған жағдайда істің еш мәнісі жоқ",- деді Эльдар Қонысбайұлы.IMG_4427
Ауыз судың азабын тартқан тұрғындар қажетті қаржының көңілге қонымды (1м – 3500 т) екендігін айтып, бір ауыздан игілікті шараны қолдайтындықтарын білдірді. Келісімге сай, үйінің жанынан су құбыры өткенде иесі қаражатын беріп, қостырып алады. Қажетті құрал-жабдық – мердігердің өздерінен.   20190517_095844
Жалпы, ауылға ауыз су тарту жобасы екі жылға жоспарланған. Қала әкімі оны көпке созбай, биыл аяқтау қажеттігін алға тартты. Су құбырын алдағы қыркүйекке дейін бітіріп, ары қарай көшелерге асфальт салу қажет.
Жұмыстың сапасына тұрғындар алаңдамаса да болады. Тиісті орындар қазылған жердің тереңдігін, құрылыс материалдарының сапасын бәрін тексеріп барып қабылдайды.   
 
Мұрат Жүнісұлы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓