Департамент азаматтарды қабылдайды
Қостанай облысы полиция департаменті азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін ұйымдастырады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз хатшысы хабарлайды."Полиция басшылығы 2019 жылғы 20 мамырда облыстың барлық қала-ауданында азаматтарды бір мезетте қабылдайды. Іс-шара «2019-2021 жылдарға арналған ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі Жол картасын» іске асыру шеңберінде өткізіледі. Онда жұртшылықпен тиімді өзара іс-қимыл, халықпен жұмыстың жаңа форматы бекітілген болатын. Аталмыш шара аумақтардағы фронт-кеңселерде өтеді. Әр аудан-қаладағы полиция бөлімдерінің басшылары тұрғындармен өздері кездеседі. Көптен бері шешілмей келе жатқан күрделі мәселелер турасында заң тұрғысында кеңестер беріледі. Ауылдық жерлерде азаматтарды қабылдауға ерекше назар аударылатын болады. Облыстық департамент басшысы Бекет Аймағамбетов те тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдайды", – деп хабарлайды ПД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Бұндай шара облыста бірінші рет қолға алынып отыр. Қабылдауға 200-ден астам тұрғын келеді деп күтілуде.