ЖАЗБА АЙТЫС: Мамай мен Алмат
Құрметті айтыссүйер оқырман! "Құтты мекен – Қостанай!" республикалық жазба айтысы жалғасады. Өнерлерін ортаға салғалы отырған келесі жұппен таныс болыңыздар. Бүгін Қостанайдың қарымды ақыны Мамай Ізтілеу мен Қызылорданың намысын қорғайтын өнерпаз Алмат Кенжебеков жыр-жарысқа түседі.
Мамай Ізтілеу Қостанай облысы Амангелді ауданы Есір ауылында 1977 жылы дүниеге келген. Жыр-жүйрігін жас күнінен сан додаға салып, ел көзайымына айналған ақын. Облыстық, аймақтық, республикалық айтыстарда талай жүлдені олжалаған. Алмат Кенжебеков 1986 жылы Қызылода қаласында туған. Аудандық, облыстық, республикалық көптеген мүшайралардың жүлдегері, Халықаралық "Шабыт" фестивалінің дипломанты. Республикалық "Табиғат тынысы" газетінің редакторы болып қызмет еткен. Қазіргі таңда жеке кәсіпкер. Алайда өлеңді әлі жанына серік етіп келеді. Оған біздің жазба айтысқа қатысуға тілек білдіргені дәлел.
Қос ақынға сәттілік тілей отырып, кезекті сөз сайысына береміз!
Мамай:
Қашанда алып жүрген ел алғысын,
Сайрасын көмейдегі адал құсым.
Газеттен айтыс оқып отыратын
Өнер сүйген ағайын, аманбысың?!
Қашанда алып жүрген ел алғысын,
Сайрасын көмейдегі адал құсым.
Газеттен айтыс оқып отыратын
Өнер сүйген ағайын, аманбысың?!
Мен қалай елеулі істі қостамайын,
Неліктен үлес қоспай, бос қалайын,
Атанған алтын дәннің астанасы –
140-қа толып жатса Қостанайым?!
Неліктен үлес қоспай, бос қалайын,
Атанған алтын дәннің астанасы –
140-қа толып жатса Қостанайым?!
Қостанай бетерден де бетер еді,
Ұлықтап ұлыларын көтереді.
Омар мен Бейімбеттің мерейтойы,
Тобыл-Торғай қырандардың мекені еді.
Ұлықтап ұлыларын көтереді.
Омар мен Бейімбеттің мерейтойы,
Тобыл-Торғай қырандардың мекені еді.
Ұрпақ өсер елінің даңқыменен,
Қашанда бірге жасар халқыменен.
Қызылордалық Алматқа сәлем бердім,
Кешегі бабалардың салтыменен.
Қашанда бірге жасар халқыменен.
Қызылордалық Алматқа сәлем бердім,
Кешегі бабалардың салтыменен.
Қош келдің өлеңменен ауылыма,
"Жазба айтыс" атанған сауығыма.
Рамазанның айында қасиетті
Шалқар шабыт тілеймін бауырыма.
"Жазба айтыс" атанған сауығыма.
Рамазанның айында қасиетті
Шалқар шабыт тілеймін бауырыма.
Айтыспен ақ таңымды атырайын,
Жақсы айтсаң, сүйсініп отырайын.
Сүлейлердің сарқытына сөз ұсынып,
Алғаш басқан қадамын бақылайын.
Жақсы айтсаң, сүйсініп отырайын.
Сүлейлердің сарқытына сөз ұсынып,
Алғаш басқан қадамын бақылайын.
Алмат:
Түсінетін қашанда ақын жанын,
Ассалаумағалейкум, оқырманым.
Дəстүрі ұлықталған тойларыңда,
Жазба айтыспен табылды ақындарың.
Ассалаумағалейкум, оқырманым.
Дəстүрі ұлықталған тойларыңда,
Жазба айтыспен табылды ақындарың.
Бұл өлең жақын болып жаныңа шын,
Бəйгеде топпен бірге табыласың.
Армысың, Мамай ақын қостанайлық,
Түсінген сөз қадірін, мағынасын.
Бəйгеде топпен бірге табыласың.
Армысың, Мамай ақын қостанайлық,
Түсінген сөз қадірін, мағынасын.
Ақынның əркез биік қиялы да,
Қиялына бар əлем сияды ма?!
Қадамымды алғашқы байқамақ боп,
Жолдадың жырды, үңіліп ұялыға.
Қиялына бар əлем сияды ма?!
Қадамымды алғашқы байқамақ боп,
Жолдадың жырды, үңіліп ұялыға.
Сұрапсың ағайынның амандығын,
Жолдапсың сəлеміңді маған бүгін.
Он екі айдың сұлтаны – Рамазанда,
Жырыңмен шаштың, аға, қалам нұрын.
Жолдапсың сəлеміңді маған бүгін.
Он екі айдың сұлтаны – Рамазанда,
Жырыңмен шаштың, аға, қалам нұрын.
Хат жаздым көне Тұран түбегінен,
Қорқыттың бастау алған жыр елінен.
Жайнаған алтын дəнді Қостанайға,
Жыр-сəлем ақ күрішті Сыр елінен!
Қорқыттың бастау алған жыр елінен.
Жайнаған алтын дəнді Қостанайға,
Жыр-сəлем ақ күрішті Сыр елінен!
Алатын Алашыңнан сыйың көп-ті,
(Демессің аз өлеңмен түйіндепті).
Қостанай бар қазаққа құтты мекен,
Тудырған ортақ ұлды – Бейімбетті.
(Демессің аз өлеңмен түйіндепті).
Қостанай бар қазаққа құтты мекен,
Тудырған ортақ ұлды – Бейімбетті.
Сусындап əр қырлары жырларына,
Шығарып арыстарын шыңдарына,
Қостанай шынымен де құтты мекен,
Танытқан ақын Омар тұлғаны да.
Шығарып арыстарын шыңдарына,
Қостанай шынымен де құтты мекен,
Танытқан ақын Омар тұлғаны да.
Ағажан, сен солардың тұяғысың,
Ойы асқақ, тым биікте қиялы шын.
"Қостанай таңына" да мың рахмет,
Ұмытпай ұлықтаған зиялысын.
Ойы асқақ, тым биікте қиялы шын.
"Қостанай таңына" да мың рахмет,
Ұмытпай ұлықтаған зиялысын.
Ақыннан осылайша жыр есілді,
Айтыста көздемеймін "күресуді".
Игі істердің жанынан табылсам деп,
Жазба айтысқа қосамын үлесімді.
Айтыста көздемеймін "күресуді".
Игі істердің жанынан табылсам деп,
Жазба айтысқа қосамын үлесімді.
Сөзіңнен жылулық пен сезем нұрды,
Шабытпен осылайша сөз өрілді.
Хас тұлпардай көсілші, мен берейін,
Ағажан, көп күттірмей кезегіңді.
Шабытпен осылайша сөз өрілді.
Хас тұлпардай көсілші, мен берейін,
Ағажан, көп күттірмей кезегіңді.
Мамай:
Жолдадың ыстық сәлем сыр елінен,
Сыр елінен және де жыр елінен.
"Ойы асқақ ағажан" деп сөйлепсің,
Айналдым кір шалмаған жүрегіңнен.
Жолдадың ыстық сәлем сыр елінен,
Сыр елінен және де жыр елінен.
"Ойы асқақ ағажан" деп сөйлепсің,
Айналдым кір шалмаған жүрегіңнен.
Айтыста кейбір жастар жағаласар,
Жағаласқан адамды қара басар.
Сен секілді ақылы бар текті інілер
Сыйласып, ағалармен араласар.
Жағаласқан адамды қара басар.
Сен секілді ақылы бар текті інілер
Сыйласып, ағалармен араласар.
Айтыстың түспеу үшін шын беделі
Ақиқатты айтайық бірден енді.
Бір-бірімізді мақтаудан аспай қалсақ,
Ақын деген атымызға сын келеді.
Ақиқатты айтайық бірден енді.
Бір-бірімізді мақтаудан аспай қалсақ,
Ақын деген атымызға сын келеді.
Өзгелерге көрсеттік деп ғажап үлгі,
Өзімізге жақындаттық "аза күнді".
Кешегі бауырға алған армияндар
Жабылып пышықтады қазағымды.
Өзімізге жақындаттық "аза күнді".
Кешегі бауырға алған армияндар
Жабылып пышықтады қазағымды.
Алшақтап кеттік қазір сөз бен істен,
Бақытсыздық кеселдей кеш көріскен.
Жоқшылық кедейшілік кесірінен
Бір түнде қаза құшты бес періштең.
Бақытсыздық кеселдей кеш көріскен.
Жоқшылық кедейшілік кесірінен
Бір түнде қаза құшты бес періштең.
Қисынсыз қойылса да сұрақ мүлде,
Жетеді елім қашан жұмақ күнге?
Таранды өзгерте алмай біз отырмыз,
Астананы "Нұр" қылдық бір-ақ күнде.
Жетеді елім қашан жұмақ күнге?
Таранды өзгерте алмай біз отырмыз,
Астананы "Нұр" қылдық бір-ақ күнде.
Еске алсам мықтылардың асқақ атын,
Еріксіз екі көзден жас таматын.
Дегенмен қазақы елміз, ғажап елміз
Бір зейнеткер баршасын басқаратын.
Еріксіз екі көзден жас таматын.
Дегенмен қазақы елміз, ғажап елміз
Бір зейнеткер баршасын басқаратын.
Зайырлы елміз, айтуға құқылымыз,
Қойылсын нүктеміз бен үтіріміз.
Мына жұрт алыпқашпа сөз айтады,
Сайлау жайлы қандай сіздің пікіріңіз?
Қойылсын нүктеміз бен үтіріміз.
Мына жұрт алыпқашпа сөз айтады,
Сайлау жайлы қандай сіздің пікіріңіз?
Алмат:
Ағажан, қанық болдым жауабыңа,
Сан ойың саясатқа ауады ма?!
Сыйластық бəрінен де биік тұрар,
Ешкім де арта қоймас маған кінə.
Ақылы ағалардың артық əркез,
Тек қолдау көрсететін талабыма.
Бауыр жайып тұлпардай көсілсеңші,
Шабытты сəт көрсетер шаманы да.
Келеңсіздік қоғамда көп болғанмен,
Айтыңыз, кімдерге енді тағам кінə?!
Ақынға ақиқатты айту міндет,
Бəріміз жауаптымыз ар алдында.
Кешегі Бұқарлардай бүгінгі ақын,
Дат айтып хан алдына бара алды ма?!
Ақиқатты ашынып айтпады деп,
Алашым артпас маған, саған кінə.
Ағажан, қанық болдым жауабыңа,
Сан ойың саясатқа ауады ма?!
Сыйластық бəрінен де биік тұрар,
Ешкім де арта қоймас маған кінə.
Ақылы ағалардың артық əркез,
Тек қолдау көрсететін талабыма.
Бауыр жайып тұлпардай көсілсеңші,
Шабытты сəт көрсетер шаманы да.
Келеңсіздік қоғамда көп болғанмен,
Айтыңыз, кімдерге енді тағам кінə?!
Ақынға ақиқатты айту міндет,
Бəріміз жауаптымыз ар алдында.
Кешегі Бұқарлардай бүгінгі ақын,
Дат айтып хан алдына бара алды ма?!
Ақиқатты ашынып айтпады деп,
Алашым артпас маған, саған кінə.
Жүректе дерт, жанымда бүгін нала,
Біз айтқанмен басқалар ұғына ма?
Өзегіңді өртейді өкініштер,
Жем болып жемқорға да, ұрыға да.
Бес бірдей періштеміз көкке ұшты,
Жердегі зəру болып шұғылаға.
Өзім деп өгейсітпей өсіргенім,
Өзіме қанжар болып тығыла ма?!
Ақиқатты айтпаса, ақынға сын,
Алайда естілмейді үнің дара.
Ағажан, бəрі қымбат, бəрі қымбат,
Жерде жатқан – адамның құны ғана.
Біз айтқанмен басқалар ұғына ма?
Өзегіңді өртейді өкініштер,
Жем болып жемқорға да, ұрыға да.
Бес бірдей періштеміз көкке ұшты,
Жердегі зəру болып шұғылаға.
Өзім деп өгейсітпей өсіргенім,
Өзіме қанжар болып тығыла ма?!
Ақиқатты айтпаса, ақынға сын,
Алайда естілмейді үнің дара.
Ағажан, бəрі қымбат, бəрі қымбат,
Жерде жатқан – адамның құны ғана.
Бұл уақыт көп жарамды емдетпеді,
Уа, Мәке, айтар сының тым көп пе еді?!
Қайсар рухты бабалар ұрпағымыз,
Жүретін үміт отын үрлеп тегі.
Уа, Мәке, айтар сының тым көп пе еді?!
Қайсар рухты бабалар ұрпағымыз,
Жүретін үміт отын үрлеп тегі.
Артылды екеумізге елдің жүгі,
Ендеше бізден шықсын теңдік жыры.
Еркін елміз, бастысы тəуелсізбіз,
Біздерге ең қымбаты – ел бірлігі.
Ендеше бізден шықсын теңдік жыры.
Еркін елміз, бастысы тəуелсізбіз,
Біздерге ең қымбаты – ел бірлігі.
Күндері болмаса да ғажап бүгін.
Құлатпасын еркіндік қазақ туын.
"Көш жүре түзеледі",- деген сөз бар,
Бастысы, мəңгі болсын азаттығым.
Құлатпасын еркіндік қазақ туын.
"Көш жүре түзеледі",- деген сөз бар,
Бастысы, мəңгі болсын азаттығым.
Сұрапсыз сайлау жайлы пікірімді,
Сөзіңнің соңына қойып үтіріңді.
Алыпқашпа сөз деген өсекке тең,
Арттырмайық күнə мен күпіріңді.
Əділ сайлау өтер деп үміттенем,
Ешкім бірақ қаламас ұтылуды.
Ағажан, онан басты мəселе бар,
Ойға алайық гептильден құтылуды.
Менен ұшқан зымыран сенде құлап,
Улайтыны анық қой тұқымымды.
Ал, ақын, осы жайлы толғаншы бір,
Жөн көрдім кезегімді бітіруді.
Сөзіңнің соңына қойып үтіріңді.
Алыпқашпа сөз деген өсекке тең,
Арттырмайық күнə мен күпіріңді.
Əділ сайлау өтер деп үміттенем,
Ешкім бірақ қаламас ұтылуды.
Ағажан, онан басты мəселе бар,
Ойға алайық гептильден құтылуды.
Менен ұшқан зымыран сенде құлап,
Улайтыны анық қой тұқымымды.
Ал, ақын, осы жайлы толғаншы бір,
Жөн көрдім кезегімді бітіруді.
Мамай:
Сөйлейтін інім едің иықтасып,
Кетпесін қою сөзді сұйық басып.
Локомотив ағаңа ергендей боп,
Саясаттан айтыпсың тиіп-қашып.
Сөйлейтін інім едің иықтасып,
Кетпесін қою сөзді сұйық басып.
Локомотив ағаңа ергендей боп,
Саясаттан айтыпсың тиіп-қашып.
Елімде атанған соң Мамай ақын,
Өткелдерден өтпейді оңай атым.
Алла өзі өнерді бергеннен соң
Атанған кімге керек сарай ақын?!
Өткелдерден өтпейді оңай атым.
Алла өзі өнерді бергеннен соң
Атанған кімге керек сарай ақын?!
Сөздерінен істері қашық болса,
Қайтеміз жағымпаздар жасық болса?
Ақындар хан алдында дат айтады,
Ханға барар жолдары ашық болса.
Қайтеміз жағымпаздар жасық болса?
Ақындар хан алдында дат айтады,
Ханға барар жолдары ашық болса.
Кесіп алып киелі елді аластады,
Шенділер мақұлдаудан әрі аспады.
Торғай жерін гептильге бермесек те,
Амал не, бізбен ешкім санаспады.
Шенділер мақұлдаудан әрі аспады.
Торғай жерін гептильге бермесек те,
Амал не, бізбен ешкім санаспады.
Қазақты бір момақан ел дейді ме,
Көкелер келісімге келмейді ме?
Әншейін үміт отын үрлей берсек,
Ол да бір күн жай бықсып сөнбейді ме?
Көкелер келісімге келмейді ме?
Әншейін үміт отын үрлей берсек,
Ол да бір күн жай бықсып сөнбейді ме?
Елім десе, елжірейді ет жүрегім,
Жаратқан қабыл қылсын көп тілегін.
Біздегі ең қымбаты – бірлік, рас,
Бірлігімнен айырмасын деп тіледім.
Жаратқан қабыл қылсын көп тілегін.
Біздегі ең қымбаты – бірлік, рас,
Бірлігімнен айырмасын деп тіледім.
Алматжан, ойы ұшқыр ерен ерім,
Күтеді әділ сөзді сенен елім.
Іні балта болғанда, аға қайрақ,
Жүзіңді қайрап қойсам деген едім.
Күтеді әділ сөзді сенен елім.
Іні балта болғанда, аға қайрақ,
Жүзіңді қайрап қойсам деген едім.
Мамай ағаң сөзіңді мақұлдады,
Ақиқаттан аттамас ақын жаны.
Ал, інім, бір қайырып, ойыңды айтшы,
Біздерге қоштасар сәт жақындады.
Ақиқаттан аттамас ақын жаны.
Ал, інім, бір қайырып, ойыңды айтшы,
Біздерге қоштасар сәт жақындады.
Алмат:
Айыста аты мəлім Мамай ақын,
Бəйгеде топты жарған талай атың.
Əр істің басын шолып сын айтыпсыз,
Бір түрлі құбыласыз қалай, ақын?!
Бірлігін елдің ойлап-толғанғаннан,
Ешбір ақын атанбас сарай ақын.
Айыста аты мəлім Мамай ақын,
Бəйгеде топты жарған талай атың.
Əр істің басын шолып сын айтыпсыз,
Бір түрлі құбыласыз қалай, ақын?!
Бірлігін елдің ойлап-толғанғаннан,
Ешбір ақын атанбас сарай ақын.
Халықпыз бастан кешкен қиын күнді,
Аллаға ұмытпадық сыйынуды.
Кемшіліксіз еш қоғам болған емес,
Жаман деп айта алмаспын үйірімді.
Өзге жайлы жазғанда рахымсыз,
Бұл қалам өзің үшін мейірімді.
Аллаға ұмытпадық сыйынуды.
Кемшіліксіз еш қоғам болған емес,
Жаман деп айта алмаспын үйірімді.
Өзге жайлы жазғанда рахымсыз,
Бұл қалам өзің үшін мейірімді.
Ініге Сізден де сын тағылар ма,
Менің де түк ойым жоқ жағынарға?!
Қанша сын айтылғанмен өзгеріс жоқ,
Тек кемітпесін қазақтың бағын Алла.
Шүкірлік сан мыңдаған айтып өтем,
Астымда Тəуелсіздік тағы барда.
Сын сөзім жетпесі анық қазанатқа,
Өтпесі де ап-анық жабыларға.
Менің де түк ойым жоқ жағынарға?!
Қанша сын айтылғанмен өзгеріс жоқ,
Тек кемітпесін қазақтың бағын Алла.
Шүкірлік сан мыңдаған айтып өтем,
Астымда Тəуелсіздік тағы барда.
Сын сөзім жетпесі анық қазанатқа,
Өтпесі де ап-анық жабыларға.
Ағамның бұл шамасы айғақ боп тұр,
Тағдырым тап-тар жолда тайғақ боп тұр.
Ертеде ініге аға пана болса,
Сыйластық отауына байрақ сол бір.
Бұрынғылар маса боп елді оятса,
Бүгінгілер балтаға қайрақ боп жүр.
Тағдырым тап-тар жолда тайғақ боп тұр.
Ертеде ініге аға пана болса,
Сыйластық отауына байрақ сол бір.
Бұрынғылар маса боп елді оятса,
Бүгінгілер балтаға қайрақ боп жүр.
Болмашыны жүрмейік сөзге салып,
Ешкімді қоя алмаймыз тезге салып.
Бірлігі бекем елге бақ қонады,
Берекесі қашқанға келмесі анық.
Алладан əділдігін сұрар елдің,
Ешқашан үміт оты сөнбесі анық.
Ешкімді қоя алмаймыз тезге салып.
Бірлігі бекем елге бақ қонады,
Берекесі қашқанға келмесі анық.
Алладан əділдігін сұрар елдің,
Ешқашан үміт оты сөнбесі анық.
Қостанай, отанысың кіл алыптың,
Тойыңда осылайша жыр ағылттым.
Ұлысын ұлықтаған ұрпағы бар,
Басыңда бүгін бақ боп тұрар нық күн.
Ақаң мен Би-ағам бар, Омарлармен,
Кіндігін кескен жерсің шын алыптың.
Осындай тұлпарлардың тұяғымен,
Айтысып өлең сөзбен сыналыппын.
Қостанай, неткен дархан жер едің сен,
Жыр таласқа ағамды шығарыпсың.
Тойыңда осылайша жыр ағылттым.
Ұлысын ұлықтаған ұрпағы бар,
Басыңда бүгін бақ боп тұрар нық күн.
Ақаң мен Би-ағам бар, Омарлармен,
Кіндігін кескен жерсің шын алыптың.
Осындай тұлпарлардың тұяғымен,
Айтысып өлең сөзбен сыналыппын.
Қостанай, неткен дархан жер едің сен,
Жыр таласқа ағамды шығарыпсың.
Деймісің бұл ініңді ерен ерім,
Өзіңді шын ақылшым көрем дедім.
Ойыңды бір қайыр деп хатпен келді,
Қоштасар сəт жақын деп өлеңдерің.
Ендеше, көріскенше қош аман бол,
Қостанайлық бүгінгі кемеңгерім.
Өзіңді шын ақылшым көрем дедім.
Ойыңды бір қайыр деп хатпен келді,
Қоштасар сəт жақын деп өлеңдерің.
Ендеше, көріскенше қош аман бол,
Қостанайлық бүгінгі кемеңгерім.
Мамай:
Арнапсың тілегіңді бар асылға,
Ұлылар көп қазақтың даласында.
Әр ақынның өзіндік айтары бар,
Негізі, айтыстың да мәні осында.
Сөзге сөз жауап беру ірілік пе,
Пікіріңді айтпасаң арасында.
Арнапсың тілегіңді бар асылға,
Ұлылар көп қазақтың даласында.
Әр ақынның өзіндік айтары бар,
Негізі, айтыстың да мәні осында.
Сөзге сөз жауап беру ірілік пе,
Пікіріңді айтпасаң арасында.
Жолынан сыйластықтың адаспайық,
Елімнен жамандықты аластайық.
Негізгі, мақсатымыз бір болған соң,
Қалайша аға-іні боп жараспайық?!
Сөйледік тілімізден тер шыққанша,
"Мен жақсы, сен жаман" деп таласпайық.
Елімнен жамандықты аластайық.
Негізгі, мақсатымыз бір болған соң,
Қалайша аға-іні боп жараспайық?!
Сөйледік тілімізден тер шыққанша,
"Мен жақсы, сен жаман" деп таласпайық.
Жүзіңнен айналайын күлімдеген,
Ел едік жүзі игіден түңілмеген.
Мен сені балуанға ұқсатамын,
Белдессе, қос тізесі бүгілмеген.
Айтулы алашымның жүйрігі бол
Шапқанда табан ізі білінбеген.
Ел едік жүзі игіден түңілмеген.
Мен сені балуанға ұқсатамын,
Белдессе, қос тізесі бүгілмеген.
Айтулы алашымның жүйрігі бол
Шапқанда табан ізі білінбеген.
Әр адам жақсылыққа ұмтылады,
Ал бұған кедергі боп кім тұрады?
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалар
Қазаққа жайма шуақ күн туады.
Ал бұған кедергі боп кім тұрады?
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалар
Қазаққа жайма шуақ күн туады.
Серігім бала кезден, досым – өлең,
Сөз айттық көңілдердің қошыменен.
Теңіздей терең ойлы оқырмандар,
Айтысты аяқтадым осыменен.
Сөз айттық көңілдердің қошыменен.
Теңіздей терең ойлы оқырмандар,
Айтысты аяқтадым осыменен.
Алмат:
Уа, аға, неге сонша құбыласың,
Мəреге тым жақын кеп шығынасың.
"Жайма шуақ күн туар", – деп қазаққа,
Енді сөзді айттың-ау, шыны, басым.
Бұған дейін ініңді сынап келіп,
Ақыным, боп көріндің мұңы басым.
Ойда жоқта ойыңды өзгергерттіңіз,
Пендедей таппай жүрген Құбыласын.
"Қына тасқа бітеді, ақыл жасқа",
Інің əлде шашты ма шұғыласын.
Қос тақымға салғанмен қос ақының,
Əділін, оқырманым, ұғынарсың.
Уа, аға, неге сонша құбыласың,
Мəреге тым жақын кеп шығынасың.
"Жайма шуақ күн туар", – деп қазаққа,
Енді сөзді айттың-ау, шыны, басым.
Бұған дейін ініңді сынап келіп,
Ақыным, боп көріндің мұңы басым.
Ойда жоқта ойыңды өзгергерттіңіз,
Пендедей таппай жүрген Құбыласын.
"Қына тасқа бітеді, ақыл жасқа",
Інің əлде шашты ма шұғыласын.
Қос тақымға салғанмен қос ақының,
Əділін, оқырманым, ұғынарсың.
Ұқпасам да, Ағажан, кей үніңді,
Тыйған жанға ұқсайсың сейіліңді.
"Алаштың жүйрігі бол",- деп тілепсің,
Ағажан, құп алайын пейіліңді.
Мағыналы сөз Сізден күткен едім,
Қою сөзден көрсетпеші сұйығыңды.
Кездескенде ашамын құшағымды,
Айтысқанда тең қылам иығымды.
Тыйған жанға ұқсайсың сейіліңді.
"Алаштың жүйрігі бол",- деп тілепсің,
Ағажан, құп алайын пейіліңді.
Мағыналы сөз Сізден күткен едім,
Қою сөзден көрсетпеші сұйығыңды.
Кездескенде ашамын құшағымды,
Айтысқанда тең қылам иығымды.
Осымен айтыс тəмам ба,
Қош айтысты ағам да.
Тілеулеспін мен саған да,
Тілектессің, аға, маған да.
Қос ақының айтысты,
Қазылар, сөзді бағамда.
Мағжан ақын айтқандай,
"Жұлдызың болып жанам ба"?
Ініге көрсет ізетті,
Ағама құрмет арамда.
Қош, көріскенше, Қостанай,
Сөз айту қиын табанда.
Қайта бір келем алдыңа,
Күтіп бір, елім, амалда!
Қош айтысты ағам да.
Тілеулеспін мен саған да,
Тілектессің, аға, маған да.
Қос ақының айтысты,
Қазылар, сөзді бағамда.
Мағжан ақын айтқандай,
"Жұлдызың болып жанам ба"?
Ініге көрсет ізетті,
Ағама құрмет арамда.
Қош, көріскенше, Қостанай,
Сөз айту қиын табанда.
Қайта бір келем алдыңа,
Күтіп бір, елім, амалда!
Жарады қос ақын!
Жаста болса сыр елінің ақыны мықты, дегенмен екеуіде қазақ.
Тамаша керемет, жарайсың Алмат
керемет екі ақында кем емес сөз таластыруы сураққа ұтымды жауап бәрекелді ден басқа аитар жоқ
Жарайсыздар
Жарайсыздар
Жалпы айтыс жақсы. Қос ақын иық тіресіп, жауаптасып айтысыпты. Дегенмен, көпті көрген Мамай ақын сөз тапқырлығымен, ұтымды жауап қайтарыпты. Жарайсың, Тобылдың тобықты ақыны. Алға…
Ассалаумағалейкүм Ардақты ағайын екі ақынның сөз саптауы өте жақсы Мамай ағамыз жарады тек алға астықты өлке ақынымен ақ күріштің атасы сыр елінің ақынына сəттілік тілимін болашақта екі ақынды үлкен сахнада қатар көриік.
Ассалаумағалейкүм Ардақты ағайын екі ақынның сөз саптауы өте жақсы Мамай ағамыз жарады тек алға астықты өлке ақынымен ақ күріштің атасы сыр елінің ақынына сəттілік тілимін болашақта екі ақынды үлкен сахнада қатар көриік.
Айтыс десе арқасы қозбаған қазақ жоқшығар, сыр елінің ақыны Алмат, Мамайға тиісті жауабын беріп, ойын ұшқыр жеткізді.
Алмат, ағасы алға, сыр елінің абройын асқақтата бер.
Алмат ақын жарайсын! Ұтымды ой, сөз тапқырлығы керемет! Алға, өнерің өрге жүзсін!
Айтыс десе арқасы қозбайтын қазақ жоқ шығар, сыр елінің ақыны Алмат, Мамайға дөп жауап қайтарып, басымдылығын көрсеті деген ойдамын
Қос ақынның шабыттары шаба берсін, дегенменде Алмат ақын басым.
Алмат ақын алға, қанатың талмасын.
Екі көл тоғысса сел болар, екі ақын тоғысса қырғын айтыс болар, екеуіді бабындағы ақындар екен, сондада Алмат жүйрік
Құрметті ақындарым.Екеуіңізде жарап тұрсыздар.Мәкем басымырақ. МАМАЙ аға алға
Мамай ақын ол орны бөлек ақын сөздері қандай керемет ақындық өнерде өз орныбар Мамай аға жарайсын тек алға!
Ассалаумагалейкум Маке тек алга жарайсыз
Екі акын да жаксы сөз саптап, өнерлі акын екенін көрсетті, астығын алға тарткан Мамай акын, сыр сулейі Алматүлгілі айтыс өнерінің майталмандары, дегенмен Мамай акыннын сәл артыкшылыгы болды
Жарайсың Мамай ақын!
Мамай інімізде сөз саптауы ұтымды нақты сөздерімен,мəдинеті өте жоғары екен.жарайсың бауырым
Мамай Жарайсың Алға
Ассалаумағалайкум, менің өзіме Мамай ақынның сөздері ұнады, тілі өткір екен.
Мамай -сыр елінің ақынысыз! ақынымызға әрқашанда сәттілік тілейміз!
Аноним атпен Алмат ақынды бөліп жару қате пікір. Тасада тұрып тас атқандай көрінеді. Ал айтысқа келсек айқиқатын айппаған ақын ақын ба.
Ақын деген кәзіргі тілмен айтқанда аналитик болуы шарт. Ел ісіне өз үнін қосып отыруы ол қажеттілік естір құлақ болса деп салын суға батырып отырмай.
Мамай елдегі болған жағдайларды өлеңмен тамаша өріп шықты.
Алмат ақын сұлу сөзді маржандай теріп шықты.
Бұл айтысқа қарапайым көрермен ретіндегі берер бағам осы.
Мамай ақын таза жеңіс!
Мамай ақын өзінің мықтылығын көрсетті.Ойын іркімей ашық айтты.Алмат өз ойын жеткізе алмады.Саясаттан қашқақтап отырды.Мамай тəжірибелі ақын екенін тағы да дəлелдеді.
Мамай мықтылығын дəлелдеді.
Мамай тəжірибелі ақын екенін дəлелдеді.Ал Алмат бауырымыз саясаттан қашқақтап отырды.Мамай ойын жеткізе алды.Сонысымен бір қадам алда.
Мамай ага жарайсыз! Тек алга!!!
Қазаққа талай жыр сүлейлерін сыйлаған Сырдың ақыны Алмат жарады. Сөз саптауы мен тапқырлығы ұнады.
Алмат, жарайсын!
Сөз саптауың да керемет!
Айтулы сайыстарда сахна төрінен көрейік!
Қанатың талмасын!
Мамай акынын соз саптауы тамаша! Маке шап, алга….
Алмат, жарайсын!
Сөз саптауың да, керемет!
Айтулы сайыстарда сахна төрінен көрейік!
Қанатың талмасын!
Мамай інімізге келешекте де сәттілік тілеймін. Əрқашан үлкен айтыстарда жеңіске жетуіне тілектеспін.
Жарайсыңдар өте жақсы
Екі ақын да нағыз жігіт.ӘринеМамай ақынның көпті көргендігі білініп тұр.Жеңіс Мамайдікі.Сөз саптауы ерекше
Құрмметті жыр сүйер қауым! Ыстық ықыластарыңызға көп рахмет. Пікірлеріңіз бен ниеттеріңізге Алла разы болсын. Айтысымызды оқығандарыңыздың өзі үлкен баға. Алайда, екі жаққа бөлініп сөз таластырудың қажеті шамалы. Дұрысынан түсінерсіздер деп ойлаймын. Алдын ала рахмет.
Әрине екіақында керемет.Бірақ сөзсаптауы ерекше көргені көп жеңіс Мамай ақындікі
Құрметті оқырмандар,алғыс тілектеріне рахмет. Дегенмен Аноним немесе екінші ақынның көңіліне келетіндей сөз болмаса екен. Менің оқырмандарым Алматты менен төмен санағандарың мені кемсіткендерін бізді бағалайтын қазылар бар . Сіздерден өтінетінім отқа май қүймай,пікірлерінізді білдірініздер.
Екі ақында мықты! Бірақ Мамайдың сөз шеберлігі,тапқырлығы, айтатын ойы дөп түсіп жатыр!
Мамай ағай тек алға! Сізге сәттілік тілеймін!
Создери баксы екен! Нагыз айтыс осы! Биздин жерлесимиз Мамай жарайсын!
Алға Мамай ақын
Мамай ақын сізге жеңіс тілеймін.
Мамай саясат туралы ешнарсе деген жоқ, нарды жығып беріп, ал не дейсің дегендей, басың бастап, өзі қашты. Алмат ақын болса, анық берді жауапты.
Алмат, інім жарайсың.
Айтыс десе делебем қозады. Қос ақынның жазба айтысын оқып, бір жасап қалдым. Алмат інім жарадың, арбада сынбайтын, өгізде өлмейтін жауап бердің.
Алмат жарадың. Алға.
Айтыс десе шіркін делебем қозады. Жазба айтысты оқып, бір толқып алдым. Алмат ақын жігіт жарады әдемі жеткіздің сөзді.
Алмат ақын алға!
Көп сөз жазбай, бір сөзбен Алмат жеңіс сенікі.
Мамай інім жарйсың!Биікке ұша бер!
Ассалаумагалейкум курметти айтыскерлер мен оз даусымды Сыр ониринин айтыскерине беремин деген мен 2-де казак
Алмат алға
Екі жігітте бабындағы ақындар, дегенменде Алматты қолдаймын.
Жарайсың Мамайақын алға тек алға
Бас Мамай қамшыны
Алмат алға
Мен Алматты жақтаймын, Сыр елі, жыр елінің жігіті
Алмат бас алға бас