Орман шаруашылығы басшысы қамауға алынды

Қостанай облысындағы табиғи өртке қатысы бар деген күдікпен жергілікті орман шаруашылығы мекемесінің басшысы қамауға алынды.
Қостанай облысының прокуратурасы 13 қыркүйекте "Басаман орман шаруашылығы мекемесі" КММ басшылығына қатысты ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдалану дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады,— делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша жүргізіліп жатыр.
Прокуратура өкілдерінің мәліметінше, сол 13 қыркүйекте мекеме басшысы Қылмыстық-процестік кодекстің128-бабы тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"15 қыркүйекте сот аталған мекеме басшысына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.Тергеу жалғасуда. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды",— делінген хабарламада.
Еске салып өтсек, 3 қыркүйекте Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы тойлана бастағанда Әулиекөл, Ұзынкөл және Қарабалық аудандарындағы орман өртене бастады. Өрт 43 мың гектарды қамтыды.
Облыстағы орман өрттері фактілері бойынша Ішкі істер органдары қылмыстық кодекстің 341-бабы (ормандарды жою немесе бүлдіру) және 2-бөлімнің 204-бабы (Бөтен мүлікті абайсызда жою немесе бүлдіру) бойынша қылмыстық істер қозғады.
Одан кейін Шығыс Қазақстан, Түркістан облысы Жетісай ауданы, Алматыдағы базар өрті, Атыраудағы өрттер қосылды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓