Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз

Демалыс күні Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Би-ағаның туған топырағы – Таран ауданына жұмыс сапарымен барды.IMG_4098
Алдымен аймақ басшысы Новоильин ауылындағы күрделі жөндеуден өткен орта мектепке атбасын тіреді. Білім ордасының іргесі 1972 жылы қаланған. Содан бері жөні дұрыс жөндеу көрмепті.
– Республикалық бюджеттен 2016 және 2018 жылдары 279 млн теңге бөлінді. Бұл қаражатқа еденнен бастап шатырға дейінгі аралықтың барлығы жаңартылды. Бір сөзбен айтқанда, сәулетті мектеп ауылдың сәніне айналып отыр, – деді аудандық білім бөлімінің басшысы Айгүл Әлімбаева.IMG_4040
Қазіргі таңда шағын орталық, мектепке дейінгі даярлық сыныптарын қосқанда 345 бала білім алуда. Жеткіншектердің жетістіктері де аз емес. Әсіресе, республикалық және әлемдік додаларда көш бастап жүрген ауыл шаңғышыларын аудан түгіл облыстағылар жақсы біледі.
Шағын орталықтың әрбір бөлмесін, асхана мен спортзалды аралап, отандық жиһаздардың сапасына көз жеткізген Архимед Бегежанұлы ұстаздармен кездесіп, сұрақтарына жауап берді. Соның ішінде, бастауыш сынып мұғалімі Назерке Ашуова әкімге шағын орталықтағы топтарды толық күнге өткізу мәселесін шешуді сұрады.IMG_4061
– Бүгінде бұл мәселеге қатысты барлық аудан-қала әкімдеріне тиісті тапсырма берілді. Бір-екі ауданда жақсы нәтижелерге қол жеткізіп отырмыз. Биыл мектептегі бір топты толық күнге өткіземіз. Осы бағыттағы жұмысты келесі жылы да жалғасады. Ал көптің көкейінде жүрген ауылға кіреберістегі 4,5 шақырымдық жолға биыл асфальт төселеді. Оған 150 млн теңге бөлінбек, – деді әкім.IMG_4056
Осы жерде әкімге асыл тұқымды шошқа өндірісімен айналысатын селекциялық-гибридті орталық салу жөніндегі инвестжоба таныстырылды. «Ленинский ЖК» директоры Анатолий Злойдың айтуынша, құны 1,5 млрд теңге тұратын кешен 2011 жылы ашылған. Енді тағы 5 млрд инвестиция салып, шошқа санын қолда бар 5 мыңнан 50 мыңға дейін жеткізу жоспарда бар.
Архимед Мұхамбетов осы тұста жемді «Жас қанат» құс фабрикасы секілді сырттан сатып алуға кеңес берді. Өйткені жемшөп базасын құру үшін бос жатқан жер жоқ. Болғанның өзінде құнарсыз.IMG_0069
– Мал басы біздің табиғат жағдайына қаншалықті бейім келеді? Өнімнің қаншасы экспортқа кетеді? – деді сұрады әкім.
– Кез келген ортаға бейімді тұқымды Даниядан алуды ойлап отырмыз. Алғашында Канададан алдыртып едік. Ал өнімнің 70 пайызын экспортқа шығарамыз. Осыған байланысты айтарлықтай мәселе көріп отырған жоқпыз, – деді кәсіпкер.IMG_4079
 
IMG_4086Облыс әкімі одан әрі Тобыл кентінде баспанаға қол жеткізген көпбалалы Смирновалар отбасын қоныс тойымен құттықтап, аудан орталығы Әйеттегі демеушілік қаржыға жөнделген «Қайсар» спорт кешенінің жұмысымен танысты.
Толығырақ газетіміздің келесі санында.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓