“Қанатты қалам” иелері
Биыл қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби журналист, көрнекті қоғам қайраткері Мұхамеджан Сералиннің туғанына 150 жыл. Сондай-ақ, Сералин ашқан «Қостанай таңы» газетіне жүз жыл толып отыр. «Қанатты қалам» аталымының иегерлерін «Қостанай таңы» газетінің бас редакторының орынбасары Жұматай Кәкімжанов Төкенұлы марапаттады.Сыйлық Қазақстан тарихындағы алғашқы журналист Мұхамеджан Сералиннің 150 жылдық мерейтойына арналған. Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне тіл саясатын іске асыру саласындағы проблемаларды қазақ және басқа да тілдерде көрсететін арнайы, сапалы мақалалар, телебағдарламалар ұйымдастырғаны үшін берілді:
– Бұлтаева Мәдина Төлеубайқызы, «Алау» ТВ» ЖШС қазақ редакциясының жауапты редакторы;
– Ибраев Әлібек Кәдірұлы, «Қостанай таңы» газетінің аға редакторы;
– «Рудненский рабочий» газетінің репартері Ворониной Елена;
– Шайкенов Айдын Жүсіпханұлы, Облыстық «Қостанай» телеарнасының тілшісі.
Сондай-ақ, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында, Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл – рухани қазына» салтанатты іс-шарасы өтті. Оның аясында тіл жанашырлары, қоғам белсенділері түрлі номинация бойынша марапатталды.
Айтолқын Айқадамова,
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков